-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Облыста балық аулау бойынша 86 заң бұзушылық тіркелді

    12.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Облыста балық аулау бойынша 86 заң бұзушылық тіркелді
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    5 сәуір мен 5 маусым аралығында балық аулау мен балық өнімдерінің айналымына ерекше бақылау жасалады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейн инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Маратұлы мәлімдеді.

    Ринат Маратұлының айтуынша, инспекцияның қарамағына Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені және оның атыраулары, Алакөл, Қошқаркөл және Сасықкөл көлдері кіреді.
    Аталмыш акция барысында белгіленген уақыт аралығында балық аулауға тыйым салынады:
    – Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 25 наурыз – 5 шілде аралығында;
    – Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне Аралтөбе ауылы дейін 5 сәуір мен 5 маусым күндері;
    – Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғанда;
    – Іле өзенінің барлық аумағында 15 сәуірден 1 маусым аралығында балық аулауға болмайды.
    Инспекция басшысының орынбарасы Ринат Маратұлының баяндауынша, биыл браконьерліктің алдын алу және болдырмау үшін құқық қорғау органдарымен және табиғат қорғау мекемелерімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында рейдтік шаралар жүргізілуде.

    Уылдырық шашу науқаны аясында мамандар су айдындарында кез келген балық аулау құралдары мен катерлерде, моторлы қайықтарда және уылдырық шашатын жерлерде қозғалтқыштары қосылған басқа да жүзу құралдарының болмауын қадағалайды. Заңға бағынбаған тұлғалар анықталған жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    «Уылдырық шашып көбею мезгілінде балық аулауға қатаң тыйым салынады. Алайда тұрғындар ескертуге мән бермей, заңбұзуға барады. Дәлірек айтсақ, «Уылдырық шашу» акциясы барысында, табиғат қорғау заңнамасын 86 адам бұзып, 60-қа тарта балық аулау құралдары, 3 қайық және 1 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді», – дейді Ринат Маратұлы.

    Уылдырық шашу мерзімінде заң бұзған тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабына сәйкес, 10–20 АЕК дейiнгi мөлшерінде айыппұл арқалап, балық аулаға қажетті құралдары тәркiленеді. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігінде көзделгендей, уылдырық шашу мерзімінде балық аулағаны үшін, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі.

    Ұсынымдар

    Алматы облысының спортшысы 8 дүркін әлем чемпионы атанды

    Алматы облысының спортшысы 8 дүркін әлем чемпионы атанды

    2 years ago
    Ғалымға құрмет

    Ғалымға құрмет

    2 months ago
    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    5 months ago
    Алдын алса, ауру азаяды

    Алдын алса, ауру азаяды

    1 year ago
    Экологиялық маңызға ие жоба

    Экологиялық маңызға ие жоба

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>