Перейти к содержимому

Қонаевтан БҚО-ға арнайы техникалар жеткізілді

Қазіргі таңда БҚО-дағы Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, су тасқыны қаупі төніп тұр. Осыған байланысты Қонаев қаласынан көмекке 8 техника жеткізілді. Шаһар әкімдігінің тарапынан ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Асхат Жексенбеков арнайы барып, техникалардың жұмыс істеуін қадағалауда.

«Төтенше жағдайға байланысты техникалар күшейтілген режимде, 3 ауысымда жұмыс істеп жатыр. Арнайы келіп, көмек қолын созып, бөген тұрғызуға үлес қосудамыз», — деді Асхат Жексенбеков.

Айта кетейік, су алған аймақтарға Алматы облысынан 171 техника аттанған болатын.