-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Сорбұлақ суы ауылшаруашылығына пайдаланылмақ

    08.04.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Экология
    Сорбұлақ суы ауылшаруашылығына пайдаланылмақ
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Тұндырма Сорбұлақ көлі Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылы мен Күрті ауылдық окрігінің 70 шақырымында орыналасқан. Алматы қаласының өнеркəсіптік жəне коммуналдық шаруашылықтарынан шыққан ақпа сулары жиналатын жер. Аумағы 55 шаршы шақырымды құраса, ұзындығы 33 шақырымға дейін созылып жатыр.

    Өткен сенбіде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған көшпелі коммиссия мүшелері осы ақпа жинақтаушы көлі мен Күрті су қоймасына жауапты мамандарымен көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша көлдердің жай-күйін бақылап шықты. Онда комиссия мүшелері ағынды суларды шаруашылыққа пайданалану бойынша да сөз қозғап, жазғы суару маусымында сусыз қалатын шаруашылық алқаптарына су жеткізу бойынша да біршама мәселелер туралы өңірдегі су көздерін зерттеуге арналған көшпелі кеңесін өткізді.

    Сонымен қатар, көшпенді кеңестің мүшелері атап өткендей маңызды міндеттердің бірі – Алматы қалалық су кәсіпорны мемлекеттік мекемесі мен Іле аудандық «Илииригация» су шаруашылығы бөлімімен арасында келісім шарттардың дұрыс қолданылмай жатқаны да мәселеге айналған. Өйткені екі мекеме арасында келіспеушілік басым. Біріншісі аудан көлеміндегі жеке қожалықтардың иелігіндегі егін алқаптарына суаруға су бермей зар қақтырса, екіншісі аптап ыстықта көптеген егін алқабтары дәл осы судың жетіспеушілігінен күйіп кететінін айтып зар қағуда. Облыс әкімі биылдан бастап барлық суаруға мұқтаж алқаптарға су тартылу керектігін тапсырды. Жауапты мамандарға ауызша сын ескертеплерін де баса айтты.

    Айта кететін жайт, қазіргі уақытта Сорбұлаққа құйылатын ақпа суларын тазарту технологиялары қарқынды түрде жаңартылып, заманауи технологиялар енгізілуде. Ауыз суға, шомылуға жарамаса да, экологиялық стандарттарға сәйкес суару үшін және техникалық жағдайда қолдануға әбден болады дейді мамандар. Табиғи апатқа байланысты сөз қозғасақ, Сорбұлақтан әзірге көктемдік су тасқынынан аса қауіп төніп тұрған жоқ. Су көлемінің ұлғаюы байқалмайды.
    Жалпы, Сорбұлақ максималды белгісі 622 метр болатын бір миллиард текше метр ағынды ақпа суды қабылдай алады. Тарихына көз жүгіртсек, 1995 жылдың сәуірінде ең биік меже 621 метр су деңгейін көрсеткен. Бүгінгі таңда 618 метрден төмен көрсетіп тұр. Мамандар бұл көрсеткіштер дабыл қағуға себеп емес дейді. Сонымен қатар, дәл қазір облыс әкімдігі жинақтаушы көлдердің жұмысын жинақтап, ауыл шаруашылығы мақсатында қолда бар су көлемін пайдалану үшін бар күш-жігерін салуда.
    Облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев екінші нысан Алматы қаласына қарайтын “Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы” филалындағы Күрті су қоймасына ат басын тіреді. Ол аудан орталығы Өтеген батыр ауылынан 120 шақырым жерде орналасқан. Су қоймасының жанында Ақши ауылы орыналасқан.

    – Негізгі су тасқыны болатын уақыттан аман-есен өттік, – деп атап өтті «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры Мейрам Арыстанов. – Су қоймасын толтыру жұмысы қалыпты жүріп жатыр. Су тасып кетуіне байланысты фактіге келсек, алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Су қоймасы жартасты жерлерде орналасқан, ал бөгет судың толып кетуіне және кез келген қысымға төтеп беруге мүмкіндік береді. Судың деңгейі төмен және күн сайын бақылауда ұстап отырмыз.

    Мұндағы негізгі проблемалар әлі де басқа магистральдық арналардан келетін су каналдарының жағдайымен байланысты. 70 шақырымдық каналдардың тасымалдау кезінде судың 60 пайызы жолда жоғалады, яғни, 49 тарауының астыңғы жағы қара жер болғандықтан жерге сіңіп, ауыл шаруашылығына судың аз ғана бөлігі жетеді екен. Осы мәселе бойынша да ауқымды құрлыс жұмыстары жүргізілетіні айтылды.

    Қазір Күрті су қоймасы есебінен суармалы жерлердің көлемін екі есе ұлғайту міндеті тұр. Алайда, осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қолданыстағы арналардың негізін толығымен бетондау керек. Филиал басшылығы арнаны механикалық тазарту арқылы күресуге талпынып жатқанын, жобалау мәселесін шешуге мүмкіндік те биыл қолға алынатынын айтты. Дегенмен, ең тиімді жобалар мен сараптама комиссиясының процесі шамамен екі жылға созылатын көрінеді.

    Қос су қоймаларын аралап, өз көзімен көріп қайтқан облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев:
    – Көріп отырғанымыздай, шаруашылыққа қолданылатын ағынды суларымызды пайдалану мәселесі өткір тұр. Бұл мәселелердің барлығы тезірек шешуді талап етеді. Біз оларды республикалық деңгейде қайта көтеруге, қаржыландырудың ықтимал көздерін пысықтауға тырысамыз. Суды ұқыпты тұтыну, арналарды жайластыру, бетондау ауыл шаруашылығы саласының өсуіне, яғни суармалы жер көлемінің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына алып келеді және нәтижесінде өңірдің өркендеуіне ықпал ететін болады, – деп атап өтті.

    Бағдат Шойбас,
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    3 months ago
    Қалаларды дамыту – уақыт талабы

    Қалаларды дамыту – уақыт талабы

    3 months ago
    Әр баланың өз құқығы бар

    Әр баланың өз құқығы бар

    2 months ago
    Қонаевта жазасын өтеушілер жасаған бұйымдар көрмесі өтіп жатыр

    Қонаевта жазасын өтеушілер жасаған бұйымдар көрмесі өтіп жатыр

    2 years ago
    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>