-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    “Таза Қазақстан” акциясы Алматы облысында қарқынды жүріп жатыр

    12.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Экология
    «Таза өлке»: ардагер ұстаз экологиялық науқанға қатысты
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Елімізде республикалық экологиялық “Таза қазақстан” акциясы басталғаны белгілі. Кең ауқымда әрі жаңа форматта өтетін акция бір айдан астам уақытқа созылмақ.

    “Таза өлке”, “Киелі мекен”, “Жасыл аймақ”, “Өнегелі ұрпақ” және “Мөлдір бұлақ” деген тақырыптармен аталған бес аптада әрбір елді мекенде аулалар мен көшелерді тазалау, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстары, ағаш көшеттерін отырғызу, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалау және абаттандыру, өзен-көлдердің жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілмек.

    Қонаев қаласында басталған акцияға мектеп мұғалімдері, тәрбиешілер, этномәдени орталық пен “Атамекен” кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысты. “Үш аллея” аумағы қоқыс пен қураған бұтақтардан тазартылды.

    “Біздің қаламыз – аймақтағы ең басты туристік көрнекілігіміз. Қапшағай көлін көріп, тамашалауға, суға түсуге Алматы қаласынан, Жетісу облысынан, тіпті Ресейден де қонақтар келеді. Біз шалғай әрі басқа өңірлерден қонақтар қабылдайтындықтан олардың жадында біз туралы жағымды көзқарас қалыптасса екен дейміз. Тазалық біздің қаламыздың басты мақтанышына айналса екен”, – деп ағылшын тілі мұғалімі Аяжан Рахманова өз ойы мен тілегін білдірді.

    “Еңбек адамдарды жақындастырады ғой. Өзім тұратын, еңбек ететін қаламның жақсаруына үлес қосқанымды сезіну мен үшін ерекше әсер етуде”, – деп Қоанев қаласындағы ұйғыр этно мәдени орталығының өкілі Радмила Радикова қуанышын білдірді.

    Республикалық эстафетаны Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары да жалғап кетті. Мұнда алғашқы “Таза өлке” аптасы барлық медициналық мекемелердің аумағын тазалаудан басталды. Акция аясында 10 сәуір “Тазалық – денсаулық кепілі” деп аталған болатын. Осыған орай аудан әкімі Талғат Байеділов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Бекет Ахметов көпсалалы аудандық орталық аурухана аумағына боз арша отырғызды.

    Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акцияға азаматтық жауапкершілігі жоғары барлық қоғам мүшелері атсалысты. Болашақта тәртіп пен тазалықты сақтау қазақстандықтар басты дағдысына айналатынына сенімдімін. Бұл адамның адамгершілік келбетінің басты белгісі болмақ.

    Экологиялық акция аурухана қызметкерлері үшін бұған дейін де игі дәстүрге айналған болатын.

    Республикалық экологиялық “Таза Қазақстан” акциясы қарқынмен қолдау табуда. Әрбір елді мекеннің тазалығы тұрғындарға тікелей байланысты. Өйткені әрбір көше, әрбір аула, әрбір үй – сенің ауылыңның, қалаңның, ауданыңның айнасы.

    Ұсынымдар

    Жаңа мектеп ашылды

    Жаңа мектеп ашылды

    8 months ago
    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    Ғылымға қолдау артып келеді

    1 year ago
    Әкім орынбасары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді

    Әкім орынбасары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді

    2 years ago
    Алматы облысының ТЖД қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

    Алматы облысының ТЖД қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

    2 months ago
    ҚХА-ның республикалық сессиясы Алматы облысында жалғасын тапты

    ҚХА-ның республикалық сессиясы Алматы облысында жалғасын тапты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.