-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Тұма жырдың тұнбасы

    02.05.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мерейтой
    Тұма жырдың тұнбасы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, І дәрежелі «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына орай ақынның туған жері – Еңбекшіқазақ ауданында «Қайран менің жүрегім» атты әдеби-сазды кеш өтті.

     Мерейтойлық кешке ақынның жары Күлтай Молдағалиева, әдебиеттанушылар, ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері, өнер адамдары және жерлестері қатысты. Алдымен Тұманбай Молдағалиев есімімен аталатын аудандық Мәдениет үйінің алдында орналасқан ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Қаламгер шығармашылығына арналған кітап көрмесіне аялдаған қонақтар Тұмағаң жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.

    Ақынын сағынған, өнерді сағынған жерлестері, өнерсүйер қауым Мәдениет үйіндегі үлкен залға лық толып, ине шаншар орын болмады. Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов пен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев қазақ руханиятында Тұмағаңның алар асқар таудай биік орны, артындағы ұрпағына қалдырған мол мұрасы жайлы айта келіп, мұндай мәдени кештер, тұлғалардың мерейтойларын жоғары дәрежеде атап өту жастар тәрбиесінде, ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді ұлықтап, рухымызды асқақтатуда үлкен маңызға ие екеніне тоқталды. Сондай-ақ ақынның жары Күлтай апайға шапан жауып, сый-сияпат жасады.

    Тұмағаңның мөлдір бұлақтай таза, тұма өлеңдері, ақынның адамгершілігі мен биік парасаты туралы Астанадан арнайы келген қазақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбай ой толғаса, ақын Бақыт Беделхан «Өр Тұманбай» деген арнауын оқыды.

    Тұманбай ақынның өлеңдері әуезді әнге айналып, қазақ даласында әуелеп, әр жүректен орын алған. «Құстар қайтып барады», «Куә бол», «Әнім сен едің», «Бақыт құшағында», тағы басқа да әндерін жатқа білмейтін қазақ жоқ. Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов сынды қазақтың мықты компазиторларынан бастап, жас сазгерлер де Тұмағаңның өлеңдеріне ән жазуға құмар. Олардың арасында ақынның күйеу баласы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан жастар сыйлығының иегері Ержан Белғозиев те бар. Мерейтойлық кеште Ержан Белғозиев ақын туралы естеліктерімен бөлісіп, бірнеше туындыларын орындап берді. Сазгер, әнші Аққу Байжігіт те Тұмағаңның сөздеріне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Мадина Сәдуақасова, Шәбә Әденқұлқызы, Өмірқұл Айниязов, Ақбота Керімбекова, Айгүл Қосанова, Қуаныш пен Қарлығаш, Қайыржан Жақсыбаев, Динара Кемелхан және басқа әншілер ақын сөзіне жазылған хит әндерді орындап, көптің көңлінен шықты. Кеш соңында аудандық Мәдениет үйінің әншілері  Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар» әнін халықтық ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындап, көптің ыстық ықыласына бөленді.

    Риясыз көңілден туған тап-таза, бұлақ суындай мөлдір өлеңдеріне тәнті болған оқырман ақынды «Тұма жырдың Тұманбайы» атап кетті. Өлеңдері жандүниеңді жадыратар сыршыл сезім мен нәзік махаббаттан өрілді. Сол үшін де «Жырым мені ешқашан өлтірмейді, Әнім, мені алысқа жетелерсің», – деп ақынның өзі айтқанындай, жүрек қылын тербетер өлеңдері әр жүрекке өшпес із қалдыратыны сөзсіз.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады

    Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады

    7 months ago
    «Наурыз» ықшамауданы

    «Наурыз» ықшамауданы

    2 months ago
    Облыста жылыту маусымы кезінде 102 өрт болды

    Облыста жылыту маусымы кезінде 102 өрт болды

    1 year ago
    Халықтық штаб мүшелері білім саласының ұжымымен жиналыс өткізді 

    Халықтық штаб мүшелері білім саласының ұжымымен жиналыс өткізді 

    8 months ago
    Жаңа шаңырақ шаттығы

    Жаңа шаңырақ шаттығы

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.