⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Заңнама және құқықтық ақпарат институтына қарасты Лингвистика орталығындағы іссапар

    19.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Құқық-заң
    Заңнама және құқықтық ақпарат институтына қарасты Лингвистика орталығындағы іссапар
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 – 2025 жж. ғылыми-техникалық зерттеулерді гранттық қаржыландыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасында жүзеге асырылып жатқан ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» жобасының аясында Астана қаласындағы ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығына іссапар ұйымдастырылды.

    Іссапар барысында ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Рамазан Сәрпеков мырзаның қабылдауында болып, заңнамалық актілердің жобалары, заң шығармашылығын қазақ тілінде жүзеге асырудың жолдары мен перспективасы туралы және заңды қазақ тілінде ойлай алатын заңгер мамандарды даярлау сияқты қазіргі өзекті мәселелелері туралы өзара қызу пікір алыстық.

    Директордың орынбасары Джангарашев Ролан біздің тарапымыздан ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» жобасының мәнісі және оның тіл мен заң тоғысындағы мәселелері туралы ақпараттарымызға қолдау білдіріп, оның өзектілігін бағалады.

    Аталған институттың Лингвистикалық орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Нұрзада Маханбетұлы Примашев мырзаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті басшылығынан ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» жобасына ықпалдастық көрсету туралы қызметтік хатты жылы қабылдап, іссапар мақсатының сәтті жүзеге асуына қамқорлық танытқанына ризашылығымызды білдіреміз.

    Сонымен қатар іссапар барысында университетімізде жаңадан ашылған «Филологиялық сараптама» мамандығы магистранттарының аталған институтта өндірістік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуы бойынша меморандумға қол жеткізілді. Осы мамандықтың оқу үдерісінде маңызды оқу-әдістемелік құралдары туралы тың мәліметтерді таптық.

    Университетіміздің филология факультетінде ашылған жаңа «Филологиялық сараптама» мамандығының қазіргі еңбек нарығында аса зор сұранысқа ие екендігін ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығының қызметкерлері тағы да дәлелдеді.

    Таусоғарова А.Қ. ф.ғ.к., доцент
    Бектемирова С.Б. ф.ғ.к., доцент
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
    Филология тілдері факультеті
    Түркітану және тіл теориясы кафедрасы

    Ұсынымдар

    Халықтың қалтасын қағу

    Жүргізуші мәдениеті неге төмен?

    1 year ago
    Ауылды сағынғанда…

    Ауылды сағынғанда…

    1 year ago
    Инвестиция игілігін ел көреді

    Инвестиция игілігін ел көреді

    1 year ago
    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    Табиғи газды пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын білеміз бе?

    11 months ago
    Қошеметпен қол соқты

    Қошеметпен қол соқты

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>