«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 2024 жылғы 1 мамырдан бастап электр энергиясын тұрмыстық емес мақсатта пайдаланатын Алматы қаласы мен Алматы облысы тұтынушыларының 2-тобына арналған электр энергиясы тарифінің шекті бағасын өзгертусіз 1 кВтсағ. үшін 29,73-тен 29,37 теңгеге дейін (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 32,89 теңге) төмендегені туралы хабарлайды.
Тұтынушылардың 2-тобына арналған тарифтің төмендеуі электр энергиясын өткізу көлемінің ұлғаюымен байланысты. Бұл 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қала мен облыстың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдары реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізуші ретіндегі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға ауысқан кезде тұтынушылар санының артуынан болды. Ауысу ҚР ҰЭМ ТМРА аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын тоқтатқаннан кейін орын алды.
1 мамырдан бастап көрсеткіштер бойынша алдыңғы тарифпен есептелген төлем шоттарын алған, электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын заңды тұлғалар мен ЖК-нің назарын «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тарифтің төмендеуін ескере отырып, шоттарды өздігінен қайта есептейтініне аударамыз. Қазіргі уақытта қайта есептеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, ол жақын күндері www.esalmaty.kz сайтындағы Жеке кабинетте де қолжетімді болады.