-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жат ағым жарға жығады

    13.05.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Қауіпсіздік, Құқық-заң, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Жат ағым жарға жығады
    0
    SHARES
    27
    VIEWS

    Облыстық дін істері басқармасы мен «Адам және қоғам» бірлестігі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру мүшелеріне арналған семинар өткізді. Алматы қаласында ұйымдастырылған шараға құзырлы орган өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, теологтар және этно-мәдени орталықтардың жетекшілері қатысты.

    Ең алдымен облыстық дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке аталған жиын халықпен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыруға арналғанын атап айтты. Одан кейін елімізге белгілі дінтанушылар мен исламтанушылардың дәрістеріне кезек берілді.
    Семинарда әлеуметтанушы Талғат Жақиянов еліміздегі күрделі діни ахуалдың жай-күйіне тоқталды.
    – Бізге діни радикализмнің алдын алуға бағытталған ұлттық бағдарлама қабылдау қажет. Мұндай тәжірибе бірқатар дамыған елде жүзеге асырылуда. Әрине, белгілі бір деңгейде бізде де кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Жетістіктер мен жақсы тәжірибелер де жоқ емес. Алайда, атқарылып жатқан дерадикализация жұмыстарында болсын, профилактикалық жұмыстарда болсын жүйелілік, сабақтастық, біртұтастық болмай тұр. Салафилерді бүгінде біз шартты түрде топтарға жіктей аламыз (суруриттер, мадхалиттер, такфиршілдер), олардың ішкі ұйымдық-басқару жүйесі, күнделікті қозғалыстарын реттейтін ережелері, қаржылық-шаруашылық инфрақұрылымы, тағы да басқа ұйымға тән белгілері бар екенін дәлелдей аламыз. Ал олардың қызметінің экстремистік сипаты айқын көрініп тұр. Яғни, «ұйым» ретінде, соның ішінде «экстремистік ұйым» ретінде де дәлелдеуге құқықтық және әдістемелік негіздер жеткілікті, – деді әлеуметтанушы.
    Семинарда «Ислам құқығының нормалары» тақырыбын сөз еткен исламтанушы Асқар Сабдин жат ағым өкілдерінің бұл нормаларға мүлдем мойынсұнбайтындығын сөз етті. Аталған семинарда діни құқықтық сауаттылыққа басымдық берудің маңыздылығына да мән берілді.
    – Ата Заңды құрметтеп, құқықтық мәдениетті арттыру – зайырлылық жайлы тереңірек түсінуге жол ашады. Ал діни сауатты көтеру Конституцияның дінге қарсы емес, керісінше азаматтардың сенім бостандығы мен құқығын қорғауға жұмыс істейтіндігіне көз жеткізеді. Өз кезегінде бұл – елдің тұрақтылығы мен дамуына мол мүмкіндік береді, – дейді заң ғылымдарының магистрі Айбол Қожатаев.
    ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры Мәншүк Құсайынова «Дін және қарым-қатынас психологиясы» тақырыбымен семинарды түйіндеді. Мәншүк Асқарқызының сөзінше, діни сананың жай-күйін, өзгерістері мен даму тенденцияларын, діндарлар мен діни топтардың психологиясын талдау маңызды. Сондай-ақ мемлекет-конфессия қатынастарын ғылыми негізде құру мақсатында осы мәселелер бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізу қажет.
    Семинар барысында дін істері жөніндегі басқармасы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері мен өзге де қатысушыларға сертификаттар табыстады.
    – Халықтың түрлі санаттары арасында біз жүйелі ақпараттық-түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Бірінші кезекте жастарды қауіпсіздендіруге тырысамыз. Қазір облысымызда түрлі саланың білікті мамандарынан құралған ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді. Сол топ мүшелерінің өңіріміздегі діни ахуалды жете түсінуі үшін іргелес жатқан Алматы қаласында осы семинарды ұйымдастырып отырмыз. Өйткені, облысымыздағы жат ағым өкілдерінің дені осы қаланың маңына шоғырланған. Жиында елімізге танымал дінтанушылар мен әлеуметтанушылар лекция оқыды. Бұл біздің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымыға оң әсерін тигізеді. Шынымен де, Алматы облысында діни ахуал өте күрделі. Сондықтан деструктивті сипаттағы діни ағымдармен күрес күн тәртібінде қала береді, – деді облыстық дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке.

    Ұсынымдар

    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    2 years ago
    Адал қызмет етуге ант берді

    Адал қызмет етуге ант берді

    2 years ago
    Ерекше күтімге мұқтаж балаларға арналған шырша өтті

    Ерекше күтімге мұқтаж балаларға арналған шырша өтті

    1 year ago
    Министрлік Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен жүру бағасын ұсынды

    Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы таяуда пайдалануға беріледі

    2 years ago
    Қаратоғандағы құрықтау

    Қаратоғандағы құрықтау

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.