-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Мәдениет

    Бақыттың кілті – достықта

    10.06.2024
    in Мәдениет
    Бақыттың кілті – достықта
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы Мәдениет үйінде халықтар достығына арналған әсерлі кеш өтті. Аталған шараны ардагерлер және әжелер ұйымдары қолға алып, жас ұрпаққа сыйластық пен құрметтің, татулық пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.

    Бұл ауылда 30-дан астам этнос өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп, қоян-қолтық араласып келеді. Олардың берекелі, мерекелі тірлігіне қарап сүйсінесің.

    Жиында аудандық әжелер ұйымының төрайымы Ақылия Бекбайқызы, медицина саласының ардагері Гүлахмет Шәріпов, ардагер ұстаз Светлана Фрейзе, әжелер ансамблінің жетекшісі Батиха Нұртаева, «Ахыска» түрік қауымдастығының мәдениет жөніндегі кеңесшісі Сабыр Яшаұлы, тағы басқа этнос өкілдері сөз сөйлеп, достық, ынтымақ, бірлік туралы ойларын бір арнада тоғыстырып, жан жадыратарлық жақсы лебіздерін паш етті.

    Ауыл өнерпаздарының көпшілікке арнаған концерті де өте әсерлі шықты. Әжелер ансамбліне, «Грация» би тобына қошеметпен қол соқты. Республикалық байқаулардың жүлдегері, жыршы әрі термеші Балнұр Ерубайдың «Қыз дәурен, ән дәурен» термесі, түрік ағайын Сабыр Яшаұлының  орындауындағы «Домбыра», Айсұлу Жұмашева шырқаған «Анаңды сүйсең, менше сүй» әндері және тағы басқалардың өрге жүзген өнерлері жиналғандарды тәнті етті. Ауыл таланттарына дән риза болды. Оларға ақ ниетті алғыстарын айтып, сәттіліктер тіледі.

    Қанат Тұрсынұлы,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Архив құжатынан айырылып қалмайық

    Архив құжатынан айырылып қалмайық

    7 months ago
    Жағажай аумағы тазартылды

    Жағажай аумағы тазартылды

    3 months ago
    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    5 months ago
    АҚСАҚАЛДАР – БІРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

    АҚСАҚАЛДАР – БІРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

    10 months ago
    БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

    БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>