-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Архив құжатынан айырылып қалмайық

    05.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Архив құжатынан айырылып қалмайық
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Мен негізінде тарихи-танымдық тақырыпта қалам тербейтіндіктен, 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві және облыстағы Балқаш аудандық архивімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келемін. Сондағы құжаттарды зерттеу нәтижесінде «Іле-Балқаштың тұңғыш болысы», «Ақкөл көтерілісінің ақиқаты», «Балқашым – байтақ мекенім», «Дінмұхамед Қонаев және Балқаш елі» атты кітаптарым жарық көрді.

    Бұл мақаланы жазуға ілік болып отырған себеп, бүгінгі таңдағы Балқаш аудандық архивінің ешқандай сын көтермейтін жай-күйі, менің жанайқайым десе де болады. Қараша айында осы ауданның тұғыры биік тұлғасы, қоғам қайраткері Әниятолла Ахметовтің 100 жылдығы қарсаңында оның өмірі мен еңбек жолы туралы қосымша материалдар жинақтау мақсатында аудандық архивке бардым. Мұндағы қызметкерлер аядай бөлмеде сығылысып отыр. Архив қоймасы еденінің кейбір тұстары опырылып кеткен. Жалғыз электр шамының сығырайған жарығы, бөлме ішіндегі ауа температурасы мен ылғалдылығы талапқа сай келмейді. Архивте жұмыс істеуге ешқандай жағдайдың қарастырылмағаны көңілімді құлазытты.
    Архив қызметтерінің негізі Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 1-бабы 2-тармақшасында анықтап көрсетілген. Онда архив – архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі деп белгіленген. Бұл мақсатта «Алматы облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Балқаш филиалының қызметкерлері жоғарыдағы талаптар бойынша құқықтық қызметтерін абыроймен атқарып отыр десем де болады. Бірақ көзбен көріп, көңілге түйгенім мені жайбарақат қалдыра алмады.
    Айтар әңгімемнің тоқетері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы №215 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы қағидаларды бекіту туралы» ережеде архив ғимаратының жай-күйі, оның температуралық-ылғалдылық, жарық және санитарлық-гигиеналық режимдерін қатаң түрде сақталуы тиіс делінген. Аталған нормалардың бірде-біреуі аудандық архивте қарастырылмаған. Оны айтасыз, құжаттар стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждарда сақталуы тиіс болса, оның сұлбасын бұл жерден таппайсың. Баяғы Кеңес заманынан қалған ағаш сөрелерде ығы-жығы сығылысып тұр.
    Балқаш аудандық архиві Бақанас ауылдық округі әкімінің ғимаратында 119 шаршы метр болатын орынды ақысыз негізде жалдап отыр. Оның ішінде жұмыс кабинеті 12 шаршы метр болса, архив қоймасы 107 шаршы метрді құрайды. Ғимарат іші қыс кезінде толық көлемде жылытылмайды, ал жазда шамадан тыс ысып кетеді екен. Әсіресе, қақаған аязда азынап тұрған архив қоймасынан аудан тұрғындарының сұраныс берген құжаттарын тауып беру оңайға соқпайды. Ал табылған құжаттармен ары қарай жұмыс істеуге келгенде, кабинеттің тарлығы архив қызметкерлеріне ыңғайсыздық туғызып отырғанын байқадым.
    Балқаш аудандық архивінің директоры Ақтоты Айнақұловамен әңгімелескенімде, жаңа ғимарат құрылысын жүргізу үшін Бақанас ауылы әкімінің 19.09.2023 жылғы №109-Н/К өкімімен Бақанас ауылы, Жамбыл көшесі, 67 мекенжайында орналасқан 0,2000 гектар жер учаскесі беріліп, №2023-487751 мемлекеттік акт жасалған. Жер учаскесі Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесі атына берілген. Ғимарат құрылысын бастау үшін жобалау және іздестіру жұмыстары жасалған, ендігі кезекте жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қаражат қарастырылу үстінде екен.
    Балқаш аудандық архивінде 1932-2023 жылдарға дейінгі аудан мекемелерінің құжаттары сақталған. Егер архив қоймасында температура мен ауа ылғалдылығы талапқа сай болмаса, мұның соңы архивтік құжаттардың бүлінуіне әкеліп соғады. Архив шаң басқан қағаздардың жиналып тұратын орны емес. Мұнда өткен мен бүгіннің маңызы мен ерекшеліктерін айқындайтын құнды құжаттар жинақталған. Онда аудан тарихының шежіресі, яғни асыл қазынасы жатыр. Ендеше оған тіптен бей-жай қарауға болмайды. Сондықтан архив ғимаратының құрылысын уақыт өткізбей қолға алу кезек күттірмейтін мәселенің бірі ретінде күн тәртібінен түспеуі керек. Мұны Балқаш ауданының әкімдігі мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы өз бақылауында ұстауы тиіс.
    Балқаш ауданының тарихи шежіресінен сыр шертетін архивтегі әр құжат өскелең ұрпаққа шашауы шықпаған күйде жеткізілуі керек. Ал өлкенің тарихи маңызы жоғары құжаттарын сақтаушысы болып отырған архив қызметкерлерінің кедергісіз жұмыс істеуі үшін аудан әкімдігі жаңадан ғимарат салынғанша қосымша тағы бір бөлме қарастырса, құба-құп болар еді.

    Зарыққан ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ,
    өлкетанушы,
    Балқаш ауданы мен Қонаев ­қаласының

    Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Көршілерімізді арзан дизельмен “асырап” келеміз

    Жағдай жақсарады деген үмітіміз бар

    2 years ago
    Әкім азаматтарды қабылдады

    Әкім азаматтарды қабылдады

    1 year ago
    Қонаевта 75 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

    Қонаевта 75 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

    2 weeks ago
    Өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді

    Өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді

    8 months ago
    Талғар ауданы мектептерінде 6500-ге тарта оқушыға орын тапшы

    Жаңа оқу жылында 800-ден астам балаға көмек көрсетілді

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>