-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дарынымен дараланды

    14.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Дарынымен дараланды
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы №3 Илья Молутов атындағы білім шаңырағының еліміздегі 100 үздік олимпиадалық мектептер қатарына кіргенін сүйіншілеген едік. Енді міне, қуанышымызды еселеген тағы бір жаңалық жарқ ете қалды. Шонжы ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Сымбат Қанатқызы еліміз бойынша 100 дарынды оқушының қатарына қосылды.

    Бұл – біз  үшін үлкен мақтаныш, зор мәртебе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын дарынды жастардың арасында кеңінен насихаттау, жастардың бойында инновациялық идеяларын арттыру, ғылыми, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткен «Әділетті Қазақстанның 100 дарынды оқушысы» атты республикалық форумына қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін Сымбат Қанатқызы бірінші дәрежелі диплом мен арнайы төсбелгісін кеудесіне қадады. Ізденімпаз, әрдайым білсем, көрсем деп талаптанып жүретін оқушының бұл жетістігі тек мектебі үшін ғана емес, аудан үшін үлкен жетістік.

    Талантты адам барлық жағынан талантты болады деген тәмсіл бар. Сымбат сурет салуды да жаны сүйеді. Ол жуырда ғана Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Ә.Қастеев әлемі» атты 11-13 жасар оқушылар арасындағы республикалық сурет көрме-байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орын алды. Сымбаттың білімімен әлі талай жарыста оза шабатынына сеніміміз зор.

    Анар Дүйсенбайқызы,

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Бажат ата

    Бажат ата

    8 months ago
    Ұлық болсаң, кішік бол

    Ұлық болсаң, кішік бол

    6 months ago
    Боз кілемде белдесті

    Боз кілемде белдесті

    5 months ago
    Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

    Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

    1 year ago
    Құсбегілер мекені

    Құсбегілер мекені

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.