-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Елге қызмет – абыройлы міндет

    22.06.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Елге қызмет – абыройлы міндет
    0
    SHARES
    71
    VIEWS

           Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде халық­тың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету жолында тынымсыз еңбек ететін мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби ме­рекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Жұртшылық алдындағы жауапкершілік жүгін жіті сезініп, асқақ қызметті абыройлы атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілер ықыласқа кенеліп, құр­метке бөленді. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасап, әділетті­лікті ту еткен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби ме­рекесімен құттықтап, өз ісіне адалдық танытқан бірқатар мамандарды ма­рапаттап, ұлт үшін ұмтыла жұмыс жасағандарын жігер­лендірді.

    Мерекелік жиынның шымылды­ғын ашқан Марат Елеусізұлы өз өмір жолын қоғамға қызмет етуге, ел ішінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арнаған азаматтарға құрмет көрсетіп, Отанға қызмет – үлкен абырой әрі зор мақтаныш екенін айтып өтті. Ол өз сөзінде:
    – Баршаңызды кәсіби мереке­лері­ңіз­бен шын жүректен құттық­тай­мын! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Мем­ле­кет­тік қызмет – өз еліне және халқына қызмет ету. Бұл – ерекше кәсіп», – деген сөзі мемлекеттік қызмет­шілердің жұмысына берілген жоғары баға. Шынымен де мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүгі артылады. Ашықтық пен жария­лылық қағидатына негізделген «Халық үніне құлақ асатын мемле­кет» тұжырымдамасы, азаматтардың өтініш­терін қарау тәртібінің өзгеруі, цифрлық технологиялардың дамуы қоғам алдында есептілікті күшейтті. Сіздер еңбекқорлық, кәсіби шеберлік, өз істеріңізге адалдық сынды қасиет­тердің арқасында халықтың сенімін ақтап, міндеттеріңізді абыроймен атқарып келесіздер. Өз салаларыңыз бойынша күнделікті істеп жүрген қызметтеріңіз өңіріміздің, түптеп келгенде, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде, – деп қызметшілердің еңбек етуіне лайықты жағдай жасау, олар­дың мәртебесін арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін жеткізді. Сонымен қатар аймақ басшысы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, біліктілігіне қарай жоғары лауазымдарға тағайындау, мерито­кратия қағидасын ұстану, кәсіби дайындықтан өтуге жағдай жасау және тағы басқа да мемлекеттік қызметті барынша тартымды ету жолында жасалған қадамдарды атап өтті. Мемлекеттік басқару аппараты тұрақты түрде жастармен толығып келе жатқанын да сөзіне қосқан Марат Елеусізұлы бүгінде Алматы облысының жергілікті атқару органдарында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 40-ты құрайтынын тілге тиек етті.
    Қазіргі таңда Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарында 2445 қызметші жұмыс атқарады, оның 49 пайызы әйелдер. Мемлекеттік қыз­метке жас мамандарды тарту жұ­мысы жалғасуда. Жауапты лауазым­дарға білікті азаматтарды тағайындау мақсатында Өңірлік кадрлық резерв жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл турасында:
    – Комиссия шешімімен 25 адам агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, экономика және қаржы, цифрландыру, әлеуметтік сала сынды 4 бағыт бойынша резервке қабыл­данатын болады. Қазіргі уақытта іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша іріктеуге 232 адам құжат тапсырған. Бұл жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Жалпы, облысымыздағы мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жыл санап жақсарып келеді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметші­лердің қатарында «Болашақ» бағдарла­масының 9 түлегі, Мемлекеттік басқару академиясының 10 түлегі, Президенттік жастар кадр резервінен тағайындалған бір қызметші және 2 PhD докторы бар. Бұл үрдіс өңірлік мемлекеттік басқару жүйесінің күшейе түсуіне оң әсер ететініне сенемін, – деген өңір басшысы еліміздің өркендеуі жолында еңбек ететін бірқатар мемлекеттік қызметшілердің кеудесіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекет­тік қызметші» төсбелгісін тақты. Сонымен қатар еліміздің қарқынды дамуына үлес қосқан азаматтарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.
    Келесі сөз кезегін алған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жақыпов бүгінгі таңда өңірімізде 4 мыңнан аса мемлекеттік қызметші аянбай еңбек етіп жатқанын жеткізді.
    – Мемлекеттік қызмет кез келген қазақстандық үшін ашық. Мемлекет­тік қызметке кірудің түрлі тетіктері бар. Олар – «Е-Қызмет» плат­фор­масы арқылы онлайн форматта конкурстық іріктеу, конкурстан тыс тағайындаулар, әкімдер лауазымына сайлау, Президенттік жастар кадрлық резерві, өңірлік кадрлық резерв және т.б. Іріктеу қорытындысы бойынша 25 адам облыстық кадрлық резервке алынады. Бүгінде мемлекеттік қыз­мет­те адал да білікті кадрлар көп. Олар халық игілігі үшін аянбай еңбек етуде. Мемлекеттік қызмет­шілердің адал еңбегінің арқасында елімізде түрлі салаларда бірқатар реформалар сәтті жүзеге асырылуда. Президентіміз айтқандай, әділ мемле­кет құру үшін әрқайсымыз нағыз отансүйгіштіктің, адалдық пен бизнес­ке жауапкершілікпен қараудың үлгісі болуымыз керек. Біздің біліміміз бен тәжірибеміз халық игілігіне қызмет етуі тиіс, – деп халыққа қызмет етуден асқан абыройлы іс жоқ екенін алға тартты. Мәртебелі істің иелеріне табыс, жақсылық пен бейбітшілік, кемеңгерлік пен төзімділік тілейтінін жеткізіп, ел экономикасына серпін берген бірқатар мамандарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентті­гінің Алматы облысы бойынша департаментінің Құрмет грамотасы­мен марапаттады.
    Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, эстрада жұлдыздарының әуелеген әні, сахна саңлақтарының мың бұралған биі шаттықты шараның шарапатын арттыра түсті.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Жамбыл ауданында сүзгі алаңында болған төтенше жағдай салдары жойылуда

    Жамбыл ауданында сүзгі алаңында болған төтенше жағдай салдары жойылуда

    3 months ago
    Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

    Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

    2 years ago
    Алматы облысында МӘМС-тен бөлінген 2.1 млрд теңге жымқырылған – Агенттік

    Алматы облысында МӘМС-тен бөлінген 2.1 млрд теңге жымқырылған – Агенттік

    2 years ago
    Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

    Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

    3 months ago
    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>