-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Еріктілер еңбегі еленді

    19.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Президент, Төтенше жағдай
    Еріктілер еңбегі еленді

    Фото: akorda.kz

    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Еліміз биыл кейінгі ондаған жылда болмаған су тасқынына тап болып, он облыста мыңдаған үйді су басқаны белгілі. Наурыздың соңын ала басталып, мамырға дейін жалғасқан су тасқыны салдарын жою жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кеше елордада тасқынға байланысты елдің назарын аударған екі бірдей жиын өтті.  

    Әуелі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада биыл көктемдегі су тасқынымен күреске  белсенді қатысқан азаматтарды арнайы қабылдап, салтанатты түде марапаттады. Елорда төрінде өткен салтанатты жиында Президент әуелі биылғыдай су тасқынын еліміз бұрын-соңды бастан өткермегенін, 10 облыста бірдей төтенше жағдай жарияланып, 19 мың тұрғын үйді су басқанын, салдарынан ондаған мың адамның өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын айтты.

    «Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды, – деді Мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев төтеннен келген тасқын салдарымен күреске күш құрылымдарының 63 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылып, құтқару жұмысында 120 мыңнан астам адамның, оның ішінде 40 мың баланың қауіпсіз жерге эвакуацияланғанын атап өтті. Президенттің сөзінше, тасқынның ауыртпалығын жеңілдетіп, қамкөңіл жұрттың ертеңгі күнге деген сенімін қалпына келтіруде құтқарушылар мен еріктілердің бірлесе атқарған еңбегі ерен.

    – Бұл – құтқарушылар мен ұшқыштардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әбіш Кекілбаев «Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу» деп айтқан. Ұлттық еріктілер желісі табиғи апат болған сәттен бастап ерекше белсенді болды. 50 мыңнан астам волонтер көмек керуендерін ұйымдастырды. Олар апат аймақтарына азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізуге атсалысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы ортақ іске мол септігін тигізді, – деді Президент.

    Расында, су тасқынымен күреске бей-жай қарамай, елдік сана үлгісін көрсеткен ерікті азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен жердің шалғайлығы мен басқа да кедергілерге қарамастан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қиындықта қалған өңірлердегі тұрғындарға материалдық, қаржылай, өзге де көмектерін аянып қалмады. Еріктілерді «Қазіргі заманның батыры» деп атаған Президент олардың арқасында елімізде маңызды бастамалар мен жобалардың жүзеге асқанын, ең бастысы адамдардың мемлекет қоғам өміріне араласу, адами құндылықтар мен қасиеттерге сай болуға деген ниеті пайда болғанын атап өтті.

    Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев баспанасыз қалған адамдарға «Қазақстан халқына» қорынан тұрғын үй салуға қаражат бөлінгенін айтты. Жалпы, жаңадан 2200-ден астам үй салынып, 10 мыңға жуық баспана күрделі жөндеуден өтеді.

    Жиын соңында Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы шараларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, еріктілер мен қоғам белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрігерлерді, қарапайым жұмысшыларды, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін марапаттады.

    Ал Үкіметте вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен жиында тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі инфрақұрылымды, оның ішінде әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жайы талқыланды. Онда Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері мен тиісті министрліктердің өңілдері салынып жатқан тұрғын үйлер мен нысандар туралы есеп берді. Вице-премьер әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеуді, тұрғын үйлерді тапсыру мерзімін бұзбауды, мектептер мен балабақшаларды жаңа оқу жылының басында пайдалануға берудің ерекше бақылауда екенін еске салды.

    ҚР Президентінің баспасөз қызметі

    Фото: akorda.kz
    Фото: akorda.kz

    Фото: akorda.kz
    Фото: akorda.kz

    Фото: akorda.kz
    Фото: akorda.kz

    Ұсынымдар

    Болашақ үшін таңдау жасадым

    Болашақ үшін таңдау жасадым

    7 months ago
    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    Президент: Тасқынға қатысты дүрбелең тудыратындарға шара қолданылады

    1 year ago
    Әлем назарындағы аламан

    Әлем назарындағы аламан

    9 months ago
    Бір шаңырақ астында

    Бір шаңырақ астында

    1 year ago
    Мереке кәдесі

    Мереке кәдесі

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>