Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / БАЛАЛАР АЛАҢЫ МЕН САЯБАҚТЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

БАЛАЛАР АЛАҢЫ МЕН САЯБАҚТЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

163 қаралым

Алматы облысы Іле аудандық саяси кеңес мүшелері Түймебаев ауылындағы балалар алаңы мен саябақты абаттандыру жұмыстарының барысын зерделеді.

Мониторинг барысында нысанға бейнебақылау камерасы орнатылғаны, құрылыс жұмыстарының 90%-ға аяқталғаны анықталды. Қазіргі уақытта кейбір орындықтарды және үстел теннисіне арналған үстелді орнату сияқты жұмыстарды аяқтау қажет.

Зерделеу қорытындысы бойынша Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасарына қалған жұмыстарды созбалаңға салмай, белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігі ескертілді.

Балаларға қолайлы орта қалыптастыру және абаттандыру жұмыстарының сапасы мен қарқыны аса маңызды. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар партия белсенділерінің қадағалауында.

Іле ауданы

↑