-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Білім-ғылым

    Ғылымға қолдау артып келеді

    01.06.2024
    in Білім-ғылым
    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше Алматыда қазақ ғылымының қарашаңырағы – Ғылым академиясында еліміздің жас ғалымдарымен кездесті. Кездесуде еліміздегі ғылымның жай-күйі, оның дамуы, ғалымдарға көрсетілетін қолдау туралы біраз мәселе айтылды.  Жалпы, Мемлекет басшысы мемлекеттің дамуы үшін әуелі білім-ғылымды дамытуқажет екенін жиі айтып, баса назар аударып жүр. Мәселен, биыл сәуірде өткен Ғылым және жоғары технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Тоқаев шетел дік ғылыми орталықтарда табысты қызмет атқарып, ғылыммен айналысып жүрген қазақстандық ғалымдарды отанына оралып, туған елге қызмет етуге шақырған. Кеше өткен келелі кездесуде де Тоқаев дарынды , еңбекқор жастар, оның ішінде ғалымдарды ұлтымыздың басты капиталы және қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші деп атады.

    Ғылымды дамытуға орасан инвестиция қажет екені даусыз.  Бұл тұрғыда Қазақстанда соңғы жылдары ғылымды дамытуға бөлінетін жалпы қаржы көлемі ұлғайып келеді. Нақты айтсақ, 2021-2023 жылдары республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру екі есеге жуық өсті. 2020 ж.– 89,0 млрд.теңге болса, 2021 ж. – 109 млрд. теңгеге жетті. 2023-2025 жылдарға арналған ғылым бюджеті 3,5 есеге ұлғайтылды.

    Мемлекет басшысы ғалымдарға жағдай жасау керек деген бос сөз емес екенін,  мемлекет тарапынан нақты жұмыс атқарылып жатқанын айтып, алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейетінін, ол үшін бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді. Мұның сыртында ғылымға бет бұрған жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін былтыр 300-ге жуық жас ғалым жеңілдікпен баспанаға қол жеткізсе, биыл тағы 200-іне баспана бұйырмақ.

    Осындай нақты қолдаулардың әсері де болар, кейінгі дерек бойынша елімізде ғалымдардың саны артып келеді, оның ішінде 40 жасқа дейінгі ғалымдар барлық ғалымның 46 пайызын құрайды екен. «Жас ғалым» жобасы бойынша жыл сайын 1000 грант бөлініп, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өту іске асырылып жатыр.

    Ғылымның жетістіктерге жетуі олардың нақты өмірде қолданысқа еніп, қоғамның, экономиканың түрлі салаларына оң өзгерістер әкелуінен көрінеді.  Ол үшін ғылыми орта мен бизнес селбесе жұмыс істеп, ортақ мақсат қоюы керек.

    Тоқтархан Көмеш,

    Астрофизик, Назарбаев университеті Энергетикалық Ғарыш Зертханасында ғылыми қызметкері

    Ұсынымдар

    Президент әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

    Президент әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

    1 week ago
    Уақыт жебесі

    Уақыт жебесі

    11 months ago
    Екпе салдыру – ұжымдық денсаулық кепілі

    Екпе салдыру – ұжымдық денсаулық кепілі

    2 years ago
    Алматы облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

    Алматы облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

    2 years ago
    Облыста үш магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

    Облыста үш магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>