⛅
24°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Кегеннің келбетін ашты

    17.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Туризм және саяхат
    Кегеннің келбетін ашты
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Кеген өңіріне табан тіреген әрбір азамат аспантаумен астасқан мақтадай бұйра бұлттарын көргенде ерекше әсерге бөленеді. Қайқыдан аса бергеніңізде, ұзақ жол жүріп шаршағаныңызды сап басатын салқын ауасы көңіл күйіңізді көкке көтереді. Еңісінен еңкейіп, өрісінен өрлей түскеніңізде айналаны қоршаған қарағайлы тауы мен масаты кілемдей жасыл желегі өзіме кел дегендей құшағын жая түседі.

    Осынау сұлу өлкенің ожданды азаматтары бірігіп, аудан экономикасы мен мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып жатқанына қуанасың. Солардың бірі – Зәуреш Нұрғалиқызы. Кәсіпкер Кегенге кіреберістегі өзен жағалауынан бір гектар жер тілімін алып, «SEM-BEK – ETNO AUYL» атты демалыс орнын ашты. Қаз-қатар ақ боз үйлер тігіліп, ауылдың көркін кіргізді.

    Демалыс орнының ашылу салтанатына Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев ортақтасты. Ауыл ақсақалы Лехан Тастанов ақ батасын берді. Кәсіпкер Зәуреш Нұрғалиқызының айтуынша, бұл жерде балалардың демалуы үшін ойын алаңы, алтыбақан орнатылып, гүлзарлар мен шыршалар отырғызылады. Өзен жағалауынан ауыл халқының жайлы демалуына көл жасалып, балық шаруашылығы ұйымдастырылады. Жастар жұмыспен қамтылады.

    Ауданға қарасты көрікті Көлсай мен Қайыңды, Шарын шатқалы, шығысынан орын тепкен Құмтекей көздің жауын алса, Ақтасты петроглифтері мен Үйсін қорғандары тарихтан сыр шертіп тұр. Киелі мекенде ашылған этно ауылға біз де құтты болсын айтып, қолға алған игі істері ілгерілей берсін деген тілегімізді білдірдік.

    Нұрболат Тастанқұлов,

    Кеген ауданы

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды
    22.04.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді»
    22.04.2026
    Мемлекет басшысы: «Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс»
    22.04.2026
    Әлем өзгерді, бірақ құқық өзгермеуі тиіс
    22.04.2026
    Президент саммит қатысушыларына ілтипат білдіріп, халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталды
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>