Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Отбасындағы тыныштық – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі

Отбасындағы тыныштық – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі

152 қаралым

Отбасы – адамға мейірім, қамқорлық және қауіпсіздік сыйлайтын орта. Алайда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жақын адамдардың өміріне ауыр зардап әкелуі мүмкін. Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін әрбір отбасы мүшесінің құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеу қажет. Келіспеушіліктерді күш қолдану арқылы емес, ашық әңгіме мен өзара түсіністік арқылы шешуге басымдық берілуі керек. Қауіпке тап болған адам көмек сұраудан қорықпай, полицияға немесе тиісті қолдау қызметтеріне жүгіне алады. Қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру әр азаматтың жауапкершілігін арттырады. Берекелі отбасы мен қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑