-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҰБТ-да топ жарды

    28.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Өңір тынысы
    ҰБТ-да топ жарды
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушылардың білім ордасында 11 жыл алған білімі сараланатын сынақ. Одан сүрінбей өту – әрбір  мектеп бітірушінің басты арманы. Күні кеше өткен сынақ қорытындысында Талғар ауданы  Қарабұлақ ауылындағы №22 орта мектептің түлегі Жаннұр Еңсебек ең жоғарғы 140 балды жинап, алтын ұясының  ғана емес, облыстың абыройын асқақтатты.

    Болашақта IT маманы болғысы келетіндіктен ол математика мен информатика пәндерін таңдаған. Жаннұр тестілеу нәтижесін білгенде қатты қуанғанын, басты межені бағындыруды мақсат тұтқанын жасырмады.

    Ол бұл жетістікке әрбір күнін бос өткізбей, білім алуға арнап, тынбай еңбектенгенінің арқасында қол жеткізді. Анасы Жанар Әубәкірованың айтуынша, соңғы бір жыл көлемінде баласының үйде ештеңеге алаңдамай, тек сабаққа дайындалуына мүмкіндік жасалған.  Сонымен бірге «Juz40» білім беру орталығында дайындығын пысықтауы мен №22 мектеп ұжымының көмек-қолдауы да себеп болған. Бұған дейін қаңтар айында өткен тестілеуде 121 және наурызда 137 балл иеленген. Жаннұр бала кезінен логикалық ойындарды ұнатады. Шахматтан да айтарлықтай жетістіктері бар. Кубик-рубикті 20 секундта құрап үлгеретіні де таңдай қақтырады.

    Бұған дейін «Juz40» білім беру орталығының жетекшісі Жұлдызай Мұсаева биыл аталған орталықта дайындалып, ҰБТ-дан 140 балл еншілеген түлектерге «Hyundai Sonato» автокөлігін тарту ететінін және жоғары нәтижеге қол жеткізгендерге түрлі сыйлықтар берілетінін айтқан. Орталық жетекшісі уәде еткен көлік Жаннұр Абзалұлына бұйырмақ. Ол ата-анасымен бірге барып, ұнатқан түсін таңдап алады.

    – Жаннұрдың мектеп табалдырығын аттағаны күні кеше ғана сияқты еді. Міне, енді ҰБТ-дан  140 балл алып,  төбемізді көкке жеткізіп отыр.  1-сыныпқа қабылданып, әріп танып, қолына қалам ұстап жазуды үйрене бастаған кезден-ақ білім алуға деген құштарлығын аңғартқан болатын. Өте  намысшыл, ізденімпаз шәкіртімнің бірі.  Мен Жаннұрдың көздеген арман-мақсатына жеткізуіне тілектеспін, – дейді алғашқы ұстазы Гүлнара Бархударова қуанышын жасыра алмай.

    Біз де арманы асқақ Жаннұрдың әлі талай асуды бағындырарына кәміл сенеміз.

    Айжарық Көптілеуов

    Ұсынымдар

    Былтыр Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орын алды

    Былтыр Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орын алды

    3 months ago
    Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысында негізсіз бас тарту фактілерін анықтау және құқықтарды қалпына келтіру

    Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысында негізсіз бас тарту фактілерін анықтау және құқықтарды қалпына келтіру

    6 months ago
    Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың – Демеу Жадыраев

    Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың – Демеу Жадыраев

    9 months ago
    Әке аманатын арқалаған

    Әке аманатын арқалаған

    4 weeks ago
    Ең әдемі киім

    Ең әдемі киім

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.