-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әкім кубогы сарапқа салынды

    01.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Әкім кубогы сарапқа салынды
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында алғаш рет футболдан “Алматы облысы әкімінің кубогі”  облыстық турнирі өтті. 30 маусымда жалауы желбіреген жарысқа 9 команда, 160  спортшы қатысты.

    Турнир Іле ауданындағы жасөспірімдер спорт мектебінің стадионында өтті. Игі шара тұңғыш рет Алматы облысы әкімінің кубогіне арналып отыр. Аяқ доп додасына облысымыздың Қонаев қаласы мен тағы жеті ауданынан 8 команда сурыпталып келіп сайысқа сап түзеді. Еуропа чемпионатымен қатар ту көтерген облыс біріншілігі Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы келіп ашты.

    – Бүгінгі басталған спорт жарысымыз Еуропа кубогімен қатар өтіп жатыр. Бізден де болашақта сондай үлкен ареналарда ойнайтын спортшылар шықса деймін. Алматы облысының спортшылары Париж олимпиадасына 5 адам жолдама алды. Бұл біз үшін үлкен жетістік, – деді өңір басшысы.

    Әуесқойлар арасындағы алғашқы кездесу Іле мен Жамбыл ауданының жастары арасында өтті. Қос тараптың да дайындығы тастай, алаң иелері намысты қолдан жібергілері келмей барын салып додалы ойын көрсетті. Төрешілер әр таймға 25 минут уақыт белгілеген. Алғашқы таймда 1:1 есебімен екі жақ тең түсті.

    Іле ауданы құрамасының жаттықтырушысы Дәулетбай Сабыров ойын барысы туралы: “Екі команданың да дайындығы жақсы. Бір-бірімен ойнап жүрген командалар. Қазір алғашқы тайм аяқталды. Есеп 1:1. Енді екінші таймда қайсысының бабы мықты сол жеңеді деп ойлаймын. Жарыс керемет өтіп жатыр.” – деп пікір білдірді.

    Турнир қорытындысы бойынша 8 өңірден келген аяқ доп шеберлері арасынан жүйріктің жүйрігі атанып, 500 мың теңге көлеміндегі сыйақыны Қонаев футболшылары, екінші орынды 300 мың теңге сыйақымен Кеген жастары, жүлделі үшінші орынды 200 мың көлемінде сыйақымен Іле ауданының командасы иеленді.

    Жарыстың өтуіне Іле ауданының әкімдігі мен Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы  және үлкен турнирді ұйымдастыруға “Алатау жастары” ұйымы да үлкен үлес қосты.

    Аталмыш спорт мерекесі облыстағы бұқаралық спорт түрлерін барынша дамытуға бағытталып отыр. Айта кетерлігі, аталған турнир футбол маусымының ашылуы мен алдағы уақытта барлық аудандарда өтетін футбол жарыстарының бастауы болды.

    Бағдат Шойбас,

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Салт-дәстүр салтанаты

    Салт-дәстүр салтанаты

    2 years ago
    Қонаевта Наурыз мерекесін тойлады

    Қонаевта Наурыз мерекесін тойлады

    2 years ago
    Көлігіне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілер жауапқа тартылады

    Көлігіне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілер жауапқа тартылады

    2 years ago
    Балаңызды бақылайсыз ба?

    Балаңызды бақылайсыз ба?

    1 year ago
    Мұңы да жымиып тұратын…

    Мұңы да жымиып тұратын…

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>