-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Аудан әкімінің марапаты

    01.07.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Мереке
    Аудан әкімінің марапаты
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Талғар ауданы – Алматы облысындағы халқының саны, экономикалық әлеуеті, туристік тартымдылығы, спорттық кешендердің, демалыс орындарының көптігі тұрғысынан аймақтағы іргелі аумақтың бірі. Өңірдің күнделікті өмірінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет, өнер, спортты айтпағанның өзінде қоғамдық салада түрлі жаңалықтар мен оқиғалар болып жатады. Осыған орай аудандық, өңірлік, облыстық, республикалық мерзімді басылымдар мен электронды ақпарат құралдарының өкілдері сол оқиғалардан хабар дайындап, жергілікті жердегі өзекті мәселелерді көтеру арқылы қызметтік міндеттерін атқара отырып, олардың ұнамды шешілуіне, Мемлекет басшысы, Үкімет, облыс әкімі жүктеген міндеттердің уақтылы және нәтижелі атқарылуына әрдайым өздерінің кәсіби және азаматтық үлестерін қосқысы келеді. Осы ізгі ниет, тынымсыз еңбек тек әріптестеріміз еңбек ететін ұжым тарапынан ғана емес, жергілікті басшылық пен жұртшылық тарапынан да бағаланып жатса – нұр үстіне нұр. Бұл – журналистердің өз қызметінен ләззат алып, шабытының тасуына, мамандығы үшін мақтанышының асуына, шығармашылық кәсіптің иесі ретінде еліміздің дамуына өз үлесімді қоссам екен деген құлшынысының артуына ұнамды ықпал етеді!

    Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні жергілікті журналистермен арнайы мерекелік кездесу өткізіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Олардың аудан экономикасы мен қоғамдық өмірінің дамуына қосып жатқан үлестерін ерекше бағалап, қандай қиын жағдайдың да ортасында жүретін жанкешті жұмыстарына толағай табыстар тіледі. Кездесу кезінде ауданның экономомикалық жағдайы, толғағы жеткен түйінді мәселелер, оларды шешу бағытында жүргізіліп жатқан нақты жұмыстар жайында жан-жақты айтып берді.

    Ең бір бөліп айтатын жайт, Таңат Есенкелдіұлы ардагер журналист Тұрсынбек Жалғасбаевтан бастап, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Ұлбосын Исабек, өңірлік «Замандас» газетінің бас редакторы Гүлбарам Қуанышәлива, «Жетісу» телеарнасының тілшісі Құрманжан  Қасымжанұлы, аудандық «Талғар» газетінің бұрынғы бас редакторы Райхан Әзімова, қазіргі бас редакторы Сәуле Құрмантаева мен осы газеттің тілшісі Зорагүл Әбдіқадір, облыстық «Алатау арайы» және «Огни алатау» газеттерінің меншікті тілшілері Құтмағамбет Қонысбай мен Фатима Ержанова, Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Талғар аудандық филиалының меңгерушісі, журналист Перизат Нұрқаеваға аудан әкімінің Алғыс хаты мен қаржылай сыйлығын табыстады.

    «Жақсы сөз жан семіртеді» дейді дана халқымыз. Аудан басшысы  арнайы кездесу өткізіп, әріптестеріміздің атына жылы лебізін білдіргеніне, олардың қоғам  дамуындағы орны мен рөліне лайықты мән берілгеніне мерейіміз өсіп қалды. Өз кезегінде журналистер де аудан басшылығы, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың жетекшілері мен БАҚ қызметкерлері арасында өзара тиімді де нәтижелі қарым-қатынас орнатып, ел мүддесі жолында бірлесе әрекет ету бойынша ұсыныстарымызды білдірдік.  Мемлекет басшысы, Үкімет, облыс әкімі алға қойған міндеттер мен тапсырмаларды насихаттау, олардың орындалуын ұйымдастыру тұрғысынан Президентіміздің «Оқитын ұлт» бастамасын қолдап, газет-журналдарға жазылуда жәрдем берудің де аса маңыздылыығын атап көрсеттік.

    Құтмағамбет Қонысбай

    Ұсынымдар

    Димекеңнің Дегересі

    Димекеңнің Дегересі

    1 year ago
    Оқушылар «Өз ағашыңды өсір» акциясында белсенді

    Оқушылар «Өз ағашыңды өсір» акциясында белсенді

    1 year ago
    БҰҚАРА ҮНІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

    БҰҚАРА ҮНІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

    9 months ago
    ️Ұстаздар АЭС-ті қолдайды

    ️Ұстаздар АЭС-ті қолдайды

    8 months ago
    Қарғалы тәжі

    Қарғалы тәжі

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>