-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Атқарылар жұмыс ауқымды

    20.07.2024
    in Ауыл тынысы, Барлық жаңалықтар
    Атқарылар жұмыс ауқымды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сапарын Кеген ауданында жалғастырды. Бастапқыда «Кеген су құбыры» мекемесінің жұмыс барысымен және ауызсу жайымен танысты. Кеген аудандық ауруханасының жанындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына да атбасын бұрды. Кеген аудандық ауруханасының директоры Алмас Тілеулиев оңалту орталығындағы емдеу бөлмелерін көрсетті. Бұл оңалту орталығында 20 бала ем алатынын, бүгінгі таңда ауруларды ерте сатысында анықтап, уақытылы ем тағайындауға мүмкіндік ашылғанын жеткізді. 

    Аймақ басшысы алдымен Кеген ауылында салынатын 150 тұрғын үйдің жобасымен танысты. Өміржан Игібайұлы көше­сінің бойында орналасқан нысан «Жерұйық» деп аталады. Тұрғын үйдің бас жобалаушысы – «Алтын сапа» құрылыс компаниясы, бас мердігер – «Жібек жолы құрылыс 1978» ЖШС. Мұнда тұрғын үйлердің сыртқы келбеті мен ішкі көріністері әкім назарына ұсынылды.
    – Құрылыс жұмысы тамыз айының 1-інен басталады, жыл соңына дейін тұрғын үй салу ісін сапалы  әрі уақы­тында аяқтап, 100 үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз, – деді мердігер компанияның өкілі.
    Сапар аясында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданға еңбегі сіңген зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда облыста жүзеге асып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесуде әр салада еңбек еткен ақсақалдар ауданның қоғамдық өміріне қатысты өзекті мәселелер жөнінде ой қозғап, бірқатар ұсынысын айтты.
    Аймақ басшысы Түменбай ауылы­ның тұрғындарымен де жүздесті. Бұдан соң Кеген аудандық Мәдениет үйінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындар алдында есеп берді. Жиынды облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғожаев жүргізіп отырды. Алғашқы сөз Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевқа берілді. Ол аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
    – Тұрғындар тарапынан 17 мәселе көтерілген. Оның 4-еуі орындалды, 13-і орындалу үстінде. Былтыр әр сала бойынша халықты толғандырған 193 өзекті мәселенің картасы дайын­далып, оны шешу бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 212 жобаның құжаты «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкер­лік корпорациясына жолданды. 152 кәсіпкер несиеге қол жеткізсе, 25 жоба оң қорытынды алып, 35 жобаның құжаты облыстық комиссия қарауында жатыр.
    Он бір елдімекенде ауызсу мәселесі бар. Осы орайда алты елдімекенге ауызсу жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайын­далды. Екі елдімекен бойынша мемле­кеттік сараптама шыққан. Жаңа Тасашы және Түменбай ауылдары бойынша облыстық басқармаға бюджет­­тік өтінім беріл­ді және 5 елдімекенге ауызсу жүйесі­нің құрылы­­сын салу және қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға қаржы бөлініп, зерттеу жұмысы басталды, – деген Нұрбақыт Молдахметұлы әр салаға жеке-жеке тоқталып, биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
    Өз кезегінде сөз алған аймақ бас­шысы Марат Сұлтанғазиев биыл­ғы бірінші жартыжылдықтағы облыс­тың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін сөз етті. Кеген ауданында атқарылып жатқан жұмыс­тардың олқы тұстарын да тілге тиек етті.
    – Тұрғындар тарапынан көп көтеріл­­­ген сұрақ – инфрақұрылым мәселесі. Сонымен бірге көпшілікті респуб­ликалық маңызы бар «Көкпек-Кеген-Түп» автожолының жағдайы алаңдатады. Автожолға мердігер компания ұзақ жылдар жөндеу жұмы­сын жүргізсе де, жол сапасы нашар, сын көтермейді.
    Ал қол жеткізілген жақсы істер­ге тоқталсақ, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Кеген ауданы көш бастап тұр. Аудан бойынша 209 өтінім қабылданып, өз кәсібін ашып, дамытамын деген 156 азаматқа несие берілді.
    Кеген ауылында жалға берілетін 30 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Биыл 2922 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, оның 1436-сы әлеуметтік осал топ қатарына жатады. Биыл автожолдарды жөндеуге және салуға 40,4 млрд теңге бөлінді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдай­дағы жолдардың үлесі Кеген ауданын­да 82 пайызды құрайды. Туристік өңір болып табылатын бұл өлкені дамытудың маңызы зор. Саты ауылы Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) анықтауымен «Ең үздік туристік ауылдар» қатарына енді, – деген Марат Елеусізұлы Кеген ауданына инвестиция тарту мәселесіне тоқталып, ағымдағы жылы іске қосылатын ірі жобалар – «Кеген Мясопром» ЖШС, «Талас» сүт-тауарлы фермасы мен «Олжас» шаруа қожалығы жұмысының жандана түсетінін тілге тиек етті.
    Кездесу барысында Тасашы ауылы­ның тұрғыны Нұрқас Ысқақов ауызсу мәселесін алға тартса, аудан­дық аналар кеңесінің төрайымы Бақытгүл Көнеева балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыруда «Қарабұлақ» лагерінің жұмысы қайта жандандырылса деген ұсынысын жеткізді. Саты ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Есбол Рысбаев туристер көп келетін Саты, Көлсай маңына автотұрақ салу керектігін алға тартты. Қоғам белсендісі Мақпал Шадан ауданның 14 елдімекенінде интернет және байланыс сапасы нашарлығын сынға алды.
    Облыс әкімі жеке қабылдауына және есептік жиынға келген азамат­тардың арыз-шағымдары, талап-тілектері ескерусіз қалмай, шетінен орындалатынын жеткізді. Жиын бары­сында көтерілген мәселелердің бәрі шешімін табуға тиіс екенін айтып, бұл орайда орынбасарларына, басқарма басшылары мен аудан әкіміне арнайы тапсырма берді.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Су тасқыны ахуалы туралы жедел ақпарат

    Тасқын туралы бірер сөз

    1 year ago
    Ардагерлерге құрмет көрсетті

    80 жылдық Ұлы Жеңіс қарсаңында – жүрекке жол тартқан тағзым

    2 months ago
    Газет бар жерде сауаттылық бар

    Газет бар жерде сауаттылық бар

    7 months ago
    Мектеп құрылысы неге тоқтап тұр?

    Мектеп құрылысы неге тоқтап тұр?

    5 months ago
    ҚХА-ның “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты сессиясы басталды

    ҚХА-ның “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты сессиясы басталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>