-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауызсудан тарықпайды

    22.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Ауызсудан тарықпайды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Балқаш ауданында ауызсу құбыры жүргізіліп жатқан ауылдардың бірі – Ақкөл. Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес қолға алынып, құрылыс жұмыстары жасалып жатқан ауқымды жұмыстың мән-жайын көзбен көру мақсатында Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет арнайы барып, ауылдық Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу жиынын өткізіп құбыр жүргізіліп жатқан құрылыс аймағын аралап,  істің беталысын байқап қайтты.

    Ауылдық Мәдениет үйінде өткен жиында ауыл тұрғындары ел игілігі үшін жүргізіліп жатқан ауызсу құбыры талапқа сай және сапалы жасалса деген ұсынысын білдіріп, көше жарығы, балалар ойын алаңы жайында мәселелерді ортаға салды. Жиынды қорытындылаған Балқаш ауданы әкімінің орынбасары атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барлығы назарда тұрғандықтан бұл шаруалардың аяқсыз қалмайтынын және жиында көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынатынын айтты.

    Мұнан соң Марлан Халдиханұлы ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Дарын Ноғайбаев және ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бейсебай Төстікбаевпен бірге ауыл көшелерін аралап, ауызсу құбыры жүргізіліп жатқан құрылыс желісімен танысып шықты. Оларға ауқымды жұмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндірген «Асылтас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері Әділ Салимов мамыр айында бастаған ауызсу құрылысын қазан айында толыққанды аяқтап, халыққа пайдалануға беретінін және жоспарланған 15 шақырымның бүгінгі таңда үштен бір бөлігіне су құбырларын жүргізіп  қойғанын, сонымен қатар орнатылатын жаңа су қоймасы жалпы жүйесін сызба арқылы  таныстырды. Сондай-ақ осы ауылға 2005 жылы жүргізілген 7 шақырымдық ауызсу құбыры жаңа құбыр іске қосылғанша жұмыс істеп тұратынын да тілге тиек етті.

    «Өңірлерді дамыту 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған ауызсу құбырының құрылыс жұмысына ауыл тұрғындары  да тартылған. Өйткені «Асылтас» ЖШС бас инженері Әділ Салимов әңгіме барысында ауыл тұрғыны Айдос Тілешев пен Қайрат Қалқанбаев әртүрлі  жұмыстарды жасаса, Элмира Сәбекова мен Гүлзат Айтмағанбетова аспазшы болып өз ісін тиянақты атқарып жүргендерін ерекше атап өтті.

    Сапар барысында су құбырларын бір-біріне жалғап, қазылған жерлерге орнатып, өз міндеттерін ойдағыдай атқарып жүрген жұмысшылар Серікжан Жарқынбаев пен Михаил Велигко сынды азаматтармен сұхбаттастық. Олар осыған дейін республика көлемінде бірқатар өңірде ауызсу құбырын жүргізіп,  тәжірибе жинап, жұмыстың қыр-сырын жетік меңгеріп алғандарын айтып, құбырлар жалғанған жерлердің сапалы болуының  маңыздылығын түсіндірді.  Кәсіпқой мамандардың құрыш қолымен жасалған барлық құрылыстан осыған дейін бірде-бір рет ақау шықпапты. Өздерін су құбырын жүргізудің нағыз хас шебері етіп көрсеткен азаматтарға біз де кәміл сенім білдірдік.

    «Су – тіршілік көзі» деп халқымыз текке айтпаған. Адам да, табиғат та сусыз өмір сүре алмайды. Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі. Сондықтанда Тәуелсіз мемлекетімізді өркендету халықты таза әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында «Ауыз су», «Ақ бұлақ» бағдарламалары жүзеге асырылған болатын. Халықты таза ауызсумен қамтуға бағытталған жобалардың нәтижесінде Балқаш ауданы бойынша 20 елдімекенде орталықтандырылған ауызсу құбыры жүргізіліп, тұрақты жұмыс істеуде.

    Бақтығали Дәуітбаев,

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Қолөнерші: Депутаттар мәдениет қызметкерлерінің жағдайына көңіл бөлуі керек

    Қолөнерші: Депутаттар мәдениет қызметкерлерінің жағдайына көңіл бөлуі керек

    2 years ago
    Экологиялық тәрбие  мектептен басталады

    Экологиялық тәрбие мектептен басталады

    3 months ago
    Министрлік Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен жүру бағасын ұсынды

    ҮАААЖ бойында жүру бүгіннен бастап ақылы болады

    2 years ago
    Қаскелеңде перзентхана терезесінен секірген әйел жансақтау бөлімінде жатыр

    Қаскелеңде перзентхана терезесінен секірген әйел жансақтау бөлімінде жатыр

    2 years ago
    АҚЫН ЖЫРЫ МӘҢГІЛІК

    АҚЫН ЖЫРЫ МӘҢГІЛІК

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.