-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Державалар текетіресінде Қазақстанның маңызы зоры

    04.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Саясат
    Державалар текетіресінде Қазақстанның маңызы зоры

    Фото: kazinform.kz

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Астанадағы ШЫҰ саммитінің қарсаңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Silk Way телеарнасына эксклюзивті сұхбат беріп, аталған саммит пен Қазақстанның осы ұйымдағы рөлі туралы пікірін білдірді.

    20 жыл бойы БҰҰ мен ШЫҰ жаһандық диалог және климаттың өзгеруі, орнықты даму, сондай-ақ терроризммен күрес сияқты мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған серіктестікті сақтап келеді.

    Бұл тұрғыда БҰҰ Бас хатшысы ШЫҰ және БҰҰ сияқты ұйымдар осы мәселелер бойынша жаһандық диалогты ілгерілету үшін не істей алатынын түсіндірді.

    «Ең алдымен, қақтығыстардың алдын алуда бірлесіп жұмыс істей аламыз. Яғни қақтығысқа жол бермеуге барынша күш салу керек. Біз терроризмге қарсы күресте бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Терроризм әлемнің осы бөлігінде әлі де қауіп төндіріп тұр. Сондықтан БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасы зорлық-зомбылық экстремизмі мен терроризмге қатысты мәселелер бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымымен толық ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын. Екінші жағынан, екі ұйым бейбітшілікке, диалогқа және проблемаларды шешуге ерекше мән беріп отыр», – деді Антониу Гутерриш.

    Оның пайымынша, БҰҰ мен ШЫҰ ынтымақтастығы әлемнің түрлі бөліктерін біріктіруге және алпауыт державалар арасындағы текетірестен келетін залалды шектеуге көмектеседі.

    «Алпауыт державалар бір-біріне қарсы болған кезде, Қазақстан сияқты елдер өте маңызды рөл атқарады. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымы және БҰҰ сияқты ұйымдар қақтығыстарды шешуде, халықаралық экономикалық қатынастарда әділеттілік орнатуда, дамушы елдердің мүддесіне орай халықаралық қаржы институттарын реформалау мен адам құқықтары саласында өзінің маңызды үлесін қосады. Адам құқықтары экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси және азаматтық құқықтарды қамтиды. Бұл мәселелерді баршамыз бірлесе қарастыруымыз керек, яғни қосарланған стандарттарға жол бермеу қажет. Менің ойымша, осы қадамдар адам құқықтары саласындағы прогреске ықпал етеді және түрлі дау-дамайға тосқауыл қояды», – деді БҰҰ Бас хатшысы.

    Айта кетейік, бүгін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Шанхай ынтамақтастық ұйымының конференциясына қатысады.

    Ұсынымдар

    Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады

    Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген қарар қабылдады

    2 months ago
    Нақтылыққа назар аударды

    Нақтылыққа назар аударды

    2 years ago
    Ел қорғаны – жастар

    Ел қорғаны – жастар

    12 months ago
    Заң бұзуға жол берілмейді

    Заң бұзуға жол берілмейді

    1 year ago
    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.