-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Екіжақты қарым-қатынас нығаяды

    06.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Екіжақты қарым-қатынас нығаяды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

            Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Оңтүстік Корея Респуб­ли­касының Бас консулы Пак Нэчон мырзамен кездесіп, екіжақты әріптестік мәселелерін талқылады.

    – Биыл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына – 32 жыл. Осы уақыт аралығында екі ел тарапынан барлық салада достық және әріптестік қарым-қатынас дамыды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы тамызда Оңтүстік Кореяға сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға серпін берді. Екі мемлекеттің бірқатар министрліктері арасындағы өзара меморандумға қол қойылды. Сауда-экономикалық қарым-қатынас жоғары деңгейге көтерілді. Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасындағы жетекші шетелдік инвестордың бірінен саналады. 2005 жылдан бастап шамамен 9,5 млрд доллар инвестиция тартылды. Былтыр тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 1,2 млрд долларға жетсе, биыл 1 тоқсанда 336 млн долларды құрады. Бұл бағытта сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Корея үкіметаралық комиссиясы үлкен рөл атқарады. Бүгінгі таңда комиссияның 9 отырысы өтті. Корей компаниялары әрқашан біздің сауда-экономикалық саласындағы серіктесіміз болып саналады. Соңғы бір жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 6 млрд АҚШ долларын құрады, – деген Марат Елеусізұлы облыста биыл маусым айындағы жағдай бойынша корей капиталының қатысуымен – 15, еліміз бойынша 611 кәсіпорын жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Сонымен бірге облыс тұрғындарының Кореяға барып жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау жөнінде ұсыныс айтты.
    Әкімнің айтуынша, облыста 100-ден астам жаңа жұмыс орнын құру арқылы жалпы инвестиция көлемі 80 млрд теңгеден асатын «KT&G» темекі өнімдерін өндіру жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Алматы облысы Қазақстанның танымал ауыл шаруашылығы және туристік орталығы болып табылады. Былтыр мамыр айында облыс делегациясы Сеул қаласындағы «SITF-2023» 38-халықаралық туристік жәрмеңкеге қатысып қайтқан. Онда Алматы өңірінің туристік ақпарат тақтасы жоғары бағаланып, марапатқа ие болған.
    – Алматы облысының экономикасы тұрақты дамуда. Былтырғы жылдың қорытындысында экономикалық өсім 2,4 пайызды құрап, 705,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Соңғы 3 жылда өңдеу өнеркәсібі серпінді қарқынмен өсуде. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та маңызды рөл атқарады. Облыста 7 484 корей этносы қоныстанған. Тұрғындар арасында оңтүстіккореялық сәнге, стильдерге, киноға, музыкаға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді, – деді облыс басшысы.
    Өз кезегінде сөз алған Корея Рес­публикасының Бас консулы Пак Нэчон екі мемлекет арасында ынты­мақтас­тық жоғары қарқында дамып келе жатқа­нын және Қазақстандағы этникалық корейлердің екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасқа дәнекер болатынын атап өтті. Сондай-ақ қазақстандықтардың Кореяға барып, ешқандай кедергісіз еңбек етуіне мүмкіндік туғызу жайлы ұсынысын қолдайтынын, бұл тұрғыда екі елдің тиісті министрліктері деңгейінде белсенді келіссөз жасалып жатқанын, бұл мәселенің жақын арада шешімі табылып қалатынына сендірді.
    Кездесу барысында бірлескен кәсіпорындар ашу, ауыл шаруашылығы саласында әріптестік орнату, туризмді дамыту бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы да талқыланды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Соғыстың соңғы сарбаздары

    Соғыстың соңғы сарбаздары

    2 weeks ago
    ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

    ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

    8 months ago

    Ішкі туризм иірімдері

    2 years ago
    Азиада алтынын велошабандоз еселеді

    Азиада алтынын велошабандоз еселеді

    2 years ago
    Ғылымға құрылған қоғам құру – уақыт талабы

    ҒЫЛЫМДЫ ҚОЛДАУ – НЕГІЗГІ БАҒЫТ

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.