-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ең бастысы – еңбек қауіпсіздігі

    11.07.2024
    in Әлеумет, Қауіпсіздік
    Ең бастысы – еңбек қауіпсіздігі
    0
    SHARES
    26
    VIEWS

    Аймаққа жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен жүздесіп, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі, мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру және тағы басқа да мәселелерді талқылады. Содан кейін облыс активімен кездесу өткізді. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, облыстық мәслихат депутаттары, қала мен аудан әкімдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты.

    Жиында сөз алған Светлана Қабыкенқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жайын баяндады. Еңбек тәуекелдері, еңбек қатынастары мен қауіпсіздігі салаларында мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіпорындардың цифрлық картасымен таныстырды. Сонымен бірге базалық зейнетақының кезең-кезеңімен ұлғаюы, ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшерінің көбеюі, отбасының цифрлық картасын енгізу және жұмыспен қамту бағытында қолға алынған шаралар жайлы хабардар етті. Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі, көші-қон саясаты, еңбек нарығын дамыту, қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы, ұзақ уақыт зиянды орында жұмыс істеген адамдарды әлеуметтік қорғау, платформалық жұмыспен қамтуды реттеу бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде сөз қозғады. Өңірдегі бірқатар өзекті мәселелердің түйінін тарқату жолын ұсынып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға толымды жауап қайтарды.
    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі журналистермен өткен баспасөз мәслихатында сапарының басты мақсаты – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалуы мен министрлік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайлы ақпарат беріп, жаңа цифрлық шешімдерді облыс әкімі мен сол жүйені іске асыратын қызметкерлерге көрсету және өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайымен танысу екенін атап өтті. Сондай-ақ, облыста жұмыспен қамту, әлеуметтік саланы дамыту бағытында жүргізіліп жат­қан жұмыстарға өз бағасын берді. Дипломды жастардың меңгерген мамандығы бойынша жұмысқа орналаспай, өзге салаға кетіп қалуын азайту бағытында қолға алынып жатқан істер жайын әңгіме арқауына айналдырды.
    Келесі кезекте министр «Тұрмыс­тық зорлық-зомбылық құрбанда­рына әлеуметтік көмек көрсету» ор­талығының тыныс-тіршілігі­мен танысып, қызметкерлермен дидар­ласты. Облыс әкімінің 2022 жылғы №383 қаулысының негізінде жұмыс істеп жатқан жабық мекемеде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге уақытты тиімді өткізулеріне барлық жағдай жасалған. 50 орынға есептелген бұл орталық ашылғаннан бері қиын өмірлік жағдайға тап болған 56 әйел, 256 бала қызмет алған. Орталық директоры Раушан Алпысбаева ғимаратты аралатып, көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырып шықты. Содан соң С.Жақыпова Қапшағай су қой­масының жағалауында орналасқан «Қонаев қаласындағы күндізгі болу орталығы» мекемесіне аялдады. Мұнда 1,5-18 жас аралығындағы тірек-қимылы бұзылған және психоневрологиялық аурулары бар балаларға жартылай стационар үлгісіндегі әлеуметтік бейімдеу, оңалту және түзету қызметтері көрсетіледі. Одан кейін мүгедектігі бар балаларға арналған «All Ability Camp» спорттық лагеріне барып, тынығушылардың жағдайын көрді. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы саналатын «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен ашылған сауықтыру лагерінде еліміздің әр өңірінен келген психикалық және физикалық дамуында кедергісі бар 200-дей бала демалуда. Асан мен Зәуре Итеновалар «All Ability Camp» жазғы лагері жайлы мағлұмат берді.
    Министрдің Қонаев қаласында­ғы кезекті атбасын бұрған нысаны – Маревен Фуд Тянь-Шань кәсіпорны. Бұл фабрикада негізінен еңбек қауіпсіздігі сөз болды. Еңбек және техника қауіпсіздігі инженері Мәдина Жолжанова қызметкерлер мен серік­тестердің өмірі мен денсаулығын сақтау кәсіпорынның басты мақсаты екенін айтты. Сонымен қатар еңбек және техника қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Ибрагим Бақшанов өндіріс орнының тарихын, шығарылатын өнім түрлерін бейнеролик арқылы меймандардың назарына ұсынды. Сонымен бірге, жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесі бұзылуы сал­дарынан еңбекке жарамсыз болып қалған қызметкерлер жайлы статис­тикалық деректерді алға тартты.
    Өз кезегінде Светлана Жақыпова Мемлекет басшысы Жолдауында Үкіметке еңбек қауіпсіздігін қам­тамасыз етуді тапсырғанын, осы орайда Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын бекіткенін тілге тиек етті. Тұжырымдаманың жұмысшылардың жарақаттану дең­гейін, еңбекті қорғау саласындағы құқықбұзушылықтарды, зиянды әрі қауіпті жұмыс орындарының санын азайтуға септігін тигізетінін айта келе, онда көрсетілген талаптарға кеңінен тоқталды.

    Айжарық Көптілеуов,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 3,9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

    Алматы облысында 3,9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

    2 years ago
    Жүзден жүйрік шықты

    Жүзден жүйрік шықты

    11 months ago
    Кең даланы  күйімен күмбірлеткен

    Кең даланы күйімен күмбірлеткен

    5 months ago
    Өнерге құштар Айзере

    Өнерге құштар Айзере

    1 month ago
    Жастар неге «Tik Tok»-қа әуес?

    Жастар неге «Tik Tok»-қа әуес?

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>