-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Қайраткерге қараған сайын…

    20.07.2024
    in Әдебиет, Мәдениет, Руханият
    Қайраткерге қараған сайын…
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды. Ол кісінің халық үшін атқарған қалтқысыз қызметі – ұрпаққа өнеге. Алматы қаласы Алатау ауданындағы Бауыржан Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысындағы 15-үйдің қабырғасында бейнеленген заңғар тұлғаның келбеті алыстан көз тартады. Қайраткерге қараған сайын, адалдық пен тектіліктің, кісілік пен кішіліктің асқақ үлгісін көреміз.

    Қазақтың асыл перзентіне арналған муралдың бой көтеруіне ­Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қордың белді мүшесі ­Қалдарбек Срайылов мұрындық болған. Қонаев атамыздың есімі аталған жерден табылатын азамат бұл жолы да қайраткерге ерекше құрмет көрсетті. Сөз орайы келгенде айта кетейік, сегіз баланың әкесі Қалдарбек (Бек)Смайылұлы Дінмұхамед Қонаевтың бейітін тазалап, қоршауын сырлап, оны бүтіндеп ел назарына іліккен болатын. Заңғар тұлғаның кітабын қайта басқызып, Қонаевқа арналған аламан бәйгеге астындағы автокөлігін тігіп, өз қаражатына еркін күрестен турнир өткізгені де әлі күнге ел есінде.
    Халыққа шарапаты тиген Димаш атамыздың рухына тағзым етуді азаматтық борышы санаған Қалдарбек (Бек) Смайылұлы қабырға суретіне кеткен ақшаны да қалтасынан шығарып, муралдың жұмысын жоғары жауапкершілікпен аяқтап шыққан. Қайраткердің қажырлы еңбегін ел танып, жұртшылық көрсін деген ниетпен өзі тұратын көпбалалы отбасыларға берілетін үлкен үйді таңдап, қалалық әкімдіктің рұқсатын алған.
    Муралдың жоспары да біраз уақытты қамтып, үлкен іске ұйытқы болған азаматты көп толғандырған. XX ғасырдың аса көрнекті қайраткері Қазақстанды дамудың даңғыл жолына бастады. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең-байтақ қазақ жерінде жүздеген өндіріс орны есік ашып, ірі құрылыс ғимараттары бой көтерді. Міне, сондықтан да өз ісіне адалдық танытып, халқына деген сүйіспеншілігі бөлек тұлғаның бойындағы бар қасиетін бір суретке сыйғызу оңай болмаған. Муралда сол кезде бой көтерген 43 қаланың әрбірі жеке атауымен айшықталып, астына ­Димаш атамыздың «Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім» деген нақыл сөзі жазылып, бейнесі кестеленген.
    Ұлы тұлғаны ұлықтау шараларына ұйытқы боп жүрген ­Қалдарбек мурал салуды біраз жыл бұрын жоспарлаған. Дегенмен үлкен іске лайықты демеушілер табылмай, қомақты қаражат жиналмағандықтан жүзеге асуы оңайға соқпаған. Сегіз баланы бағып-қағып, күнделікті жұмысын қоса ала жүріп, ақыры қолға алған ісін ойдағыдай бітіреді. Мейіржан Отыншиев есімді азамат үй керегесін өрнектеуге жергілікті әкімдіктен рұқсат алып беруге көмектессе, муралдың эскизін, отбасымен бірге ақылдасып шешкен. Суретті өз ісінің шебері Жәнібек ­Жұмағалиев бейнелеген. Ені – 15метр, биіктігі – 12метр болатын мурал 5 күн ішінде салынған.
    Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мол мұрасын болашаққа жеткізу – абыройлы парыз. Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген тұлғаның өнегелі өмірін бүгінгі ұрпаққа үлгі ету жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген Қалдарбек (Бек) Срайыловтай азаматтардың қатары арта берсін дейміз.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Сайлауға  бару – сауаттылық белгісі

    Сайлауға бару – сауаттылық белгісі

    1 year ago
    Әз-Наурыздағы ұлттық ойындар бәсекесі

    Әз-Наурыздағы ұлттық ойындар бәсекесі

    3 months ago
    Green Eco – бірегей кешен

    Green Eco – бірегей кешен

    6 months ago
    Заманауи көліктер табысталды

    Заманауи көліктер табысталды

    8 months ago
    Достыққа жол ашады

    Достыққа жол ашады

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>