-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қос шебер

    24.07.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Қос шебер
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    «Кәсібің – нәсібің» демей ме, дана халқымыз? Бүгінде өз нәпақасын әртүрлі істен тапқан қаншама жан тиісті кәсіппен айналысып, отбасын асырап, өзге адамдарды да жұмыспен қамтып жүр. Сондай жандардың қатарында Кеген ауылындағы «Мақпал» сән салонының иелері, шаштараз Төлеген Баймұханұлы мен Мақпал Омарқызын даралап айта аламыз.

    Қашан көрсең жайдары мінезімен кішіпейілділік танытып, келген әрбір жанның көңілін тауып, қалаған шаш үлгісін әп-сәтте әдемілеп жасап, қалағаныңдай қиып  беретін ерлі-зайыптыларға тамсанбасқа шараң жоқ. Ізденістің арқасында кішкентай ғана дүгіршектен бастау алған кәсіптері  бүгінгі таңда халық көп келетін сән салонына айналған. Мұның артында тынымсыз еңбек пен қажырлықтың тұрғаны сөзсіз. Ол арқылы тек өздері үшін пайдалы іс жасамай, халыққа өз септіктерін тигізіп, аудан экономикасының көтерілуіне де ықпал етіп жатқаны рас. Өздері сынды жас отбасыларына өнегелі істерімен үлгі болып келе жатқан шаштараздар әр адам  қолынан келетін іспен айналысуы керек деп ойлайды. Ең бастысы, екі қолға бір күрек тауып немесе кәсіп ашып, өз ісіңді дөңгелету екенін айтады. Адам бос қарап жатпай, бір іспен жан-тәнін салып айналысса ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп, берекесінің де артатынын айлға тартады кәсіпкерлер. Біз де өз тарапымыздан кәсіптен нәсіп тауып отырған шаштараздар жұмысына сәттілік тіледік.

    Нұрболат Тастанқұлов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Кітап – ең құнды сыйлық

    Тиімді серіктестік

    1 month ago
    Абылай ханды алғаш бейнелеген

    Абылай ханды алғаш бейнелеген

    2 years ago
    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    Ат үстіндегі жауынгерлік өнер

    11 months ago
    Ақпарат алаңындағы Ақтоты

    Ақпарат алаңындағы Ақтоты

    11 months ago
    Жас қаламгерлер Бердібек пен Мұқағали ауылында

    Жас қаламгерлер Бердібек пен Мұқағали ауылында

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>