-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    “Шанхай ондығы” елдері үшін басты бағыттар қандай?

    04.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Саясат
    “Шанхай ондығы” елдері үшін басты бағыттар қандай?
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Шанхай ондығына” кіретін елдер үшін стратегиялық маңызы бар басты бағыттарға тоқталды.

    Президент қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуды бірінші маңызды бағыт ретінде атады.

    “Қазіргі күрделі ахуал – негізінен халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыс салдары. Осы ретте халықаралық құқықтың кемшін тұстарын түзеп, геосаяси тұрғыдан жікке бөлінуге жол бермеу мақсатымен, түптеп келгенде, жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін ШЫҰ өзінің тұрақтандырушы және жасампаздық рөлін күшейтуге тиіс”, – деді Президент.

    Мемлекет басшысының айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы бүкіл Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепіл болатындай айрықша мүмкіндіктерге ие. Ұйымға мүше мемлекеттерге “Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы” ШЫҰ бастамасын жүзеге асыру дәл осы мақсатпен ұсынылды. Президент Әскери саладағы сенім шаралары туралы келісімді әзірлеп, қабылдайтын уақыт келгенін айтты.

    Бұл ретте “Үш зұлым күшпен” күрес мәселесі әрдайым жіті назарда болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздікті күшейту Ұйымға мүше елдерге ортақ тағы бір маңызды міндет екеніне назар аударды.

    Сонымен қатар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі ақпараттық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ұдайы ақпарат алмасуға, үздік тәсілдер мен озық тәжірибелерді қолдануға бағытталған арнайы механизм әзірлеуді ұсынды. Қазақстан Президентінің пікірінше, бүгін халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қабылданатын Өзара іс-қимыл жоспары аталған мақсаттарға сай келеді.

    Ұсынымдар

    Қарасаздың қойнында қала бар ма?

    Қарасаздың қойнында қала бар ма?

    9 months ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    2 years ago
    Бердібек Соқпақбаевтың есімі ЮНЕСКО төрінде ұлықталды

    Бердібек Соқпақбаевтың есімі ЮНЕСКО төрінде ұлықталды

    7 months ago
    Бейбіт атом: пайдасы мен зияны

    Бейбіт атом: пайдасы мен зияны

    9 months ago
    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.