-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Жалған ақпарат жарға жығады

    03.07.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Жалған ақпарат жарға жығады

    Фото: Qaz365.kz

    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Ғаламтор қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Цифрлық технологиялыр әлемінде өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін күнделікті ақпарат ағымы олардың тоқтаусыз білім алу, даму және қарым-қатынас жасауына септігін тигізеді. Дегенмен, цифрландырудың өсуіне байланысты онлайн кеңістікте кездесетін қауіп-қатердің де арта түскенін ескергеніміз абзал. Әсіресе, жастарды жат ағымға жетелейтін діни ақпараттар азаймай тұр.

    Жалпы ақпараттық қауіпсіздік деген не? Ол – ақпараттық кеңістіктегі азаматтың құқықтары, мүдделері және жеке бас мәліметтерінің қорғалуы. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңына сәйкес, ақпараттық қауіпсіздік – «Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің елдің тұрақты дамуы мен ақпараттық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін нақты және ықтимал қауіптерден қорғау жағдайы».

    Осы тұста жаһандық цифрлану мен дін саласы ұштасқанда, жаңа мәселе – діни ақпараттық қауіпсіздік мәселесі пайда болады. Мысалы, діни бірлестіктердің ғаламтордағы жұмыстарының ең жиі таралған тәсілдері – діни білімі төмен адамдарға теріс ағымдарды заңсыз түрде насихаттау. Бұл олардың дүниетанымына, сенімдеріне, қағидаларына, дәстүрлі діни құндылықтарына теріс әсер етеді, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

    Интернетте діни мәтіндердің  дәстүрлі ілімдерден ауытқыған, бұрмаланған түсіндірмелеріне кезігіп қалу оңай. Мұның астарында экстремистік мазмұн жатуы да ықтимал. Әлеуметтік желілерде орын алатын кибербуллингтің жиі себепшісі радикалды топтардың басқа діндерге немесе топтарға зорлық-зомбылық идеясын діни контекстте таратуы болып саналады. Оған қоса, зорлық-зомбылықты, өшпенділік пен діни негізде кемсітуді насихаттайтын материалдар да желіде қолжетімсіз емес. Қазір өзекті мәселе болып отырған алаяқтар да дінді және діни ақпараттарды өз пайдасына асырып, бопсалау үшін пайдалана алады. Мысалы, діни рәміздер мен терминологияны құрбанның сеніміне кіру үшін пайдалану – алаяқтар арасындағы танымал практика.

    Соның салдарынан жастардың психологиясы бұзылады. Желідегі жалған ақпараттар олардың бойында теріс дүниетаным мен мінез-құлықты қалыптастырады. Олар радикалдануға ұшырап немесе рухани дағдарысқа түсулері мүмкін.

    Ақпараттық қауіпсіздікті арттыру әрекеті кешенді жұмысты талап етеді. Ол мақсатта көптеген әлеуметтік топтар: ата-аналар, білім беруші орта, мемлекеттік органдар бірлесе жұмыс атқаруы керек. Себебі, жастарға қауіпсіз онлайн ортаны құру, оларды нақты ақпаратпен қамтамасыз ету және лайықты білім беру – ортақ міндет.

    Алина Азаматқызы,

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті дінтану мамандығының 2- курс студенті

    Ұсынымдар

    123 мың адамға тұмауға қарсы вакцина салынды

    Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы екпе алды

    6 months ago
    Ел экономикасына елеулі өзгеріс керек

    Ел экономикасына елеулі өзгеріс керек

    1 year ago
    Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткіші артты

    Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткіші артты

    5 days ago
    Азаматтық борышты аяқасты етуге болмайды – мәдениет қайраткері

    Азаматтық борышты аяқасты етуге болмайды – мәдениет қайраткері

    7 months ago
    Алматы облысында 3 жаңа мектеп ашылды

    Елімізде 217 жайлы және 200 тірек мектеп желісі құрылуда

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.