-13 °c
Qonaev
Thursday, June 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    85 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды

    29.08.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    85 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS
    Конституция күніне орай Қонаев қаласындағы 4-ықшамауданда бой көтерген «Sun city» тұрғын үй кешеніндегі 85 пәтерді Қонаев қаласы әкімдігі сатып алып, кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға тарту етті. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, пәтер иелерін құттықтап, кілтін табыстады.
    – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақстандықтардың баспаналы болуына үлкен мән береді. Сондықтан да бұл шара үлкен мәнге ие. Пәтер иесі болған 85 отбасының ішінде көпбалалы аналар, асыраушысынан айырылған жандар, жетім балалар, соғыс ардагерлері де бар. Үйлеріңіз береке мен ырысқа толып, отбасыларыңыз шаттық пен бақытқа кенеле берсін, – деді Марат Елеусізұлы.
    Жаңа пәтердің иесі атанған зейнеткер-ұстаз Гүлнар Түсіпбекқызы қуанышына себепкер болған жандарға шексіз алғысын айтып, ақжарма тілегін жеткізді.
    – Қонаев қаласында ұзақ уақыт бойы ұстаздық қызмет атқардым. Қазіргі таңда зейнеткер-ұстазбын. Осы уақытқа дейін әкімдіктің қолдауымен баспаналы боламын деген үмітімді үзбедім. Бүгін сол асыл арманым орындалып, пәтер иесі атандым. Біздің балаларымыз жаңа оқу жылын жаңа пәтерден бастайын деп тұр. Мен өте қуаныштымын.  Алдағы уақытта дәл осындай бақыт кезекте тұрған барлық отбасыларға бұйырсын, – деді ол.
    Баспаналы болғандардың бірі – Светлана Кизилова. Кезекте тұрғанына 10 жылға жуық уақыт болған. Қонаев қалалық ауруханасында қызмет ететін көпбалалы ана. «Пәтер иесі атанатынымды бір апта бұрын ғана білдім. Басында хабарласып бұл жақсы жаңалықты айтқанда сенбедім, әлдебіреулердің әзілі ме деп те ойладым. Бағыма орай қанша уақыт бойы күткен пәтерге ие болдым. Осыған дейін 25 шаршы метр болатын кішкене ғана саяжайда тұрып келдім. Қазіргі алған пәтерім одан екі есе үлкен. Қуанышымда шек жоқ», – деп жылы лебізін білдірді Светлана Кизилова.
    Шараға қатысушылар баспаналы болған отбасылардың пәтерін аралап көріп, шашу шашып, қуанышына көзайым болып қайтты.
    Гүлзат Байқонысова,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Түйткілді мәселе көтерілді

    Түйткілді мәселе көтерілді

    6 days ago
    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты

    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты

    1 year ago
    Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті

    Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті

    4 weeks ago
    Жаңа жағажай ашылады

    Жаңа жағажай ашылады

    4 months ago
    Айбынды күшке айналды

    Айбынды күшке айналды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.