-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Алаш топтамасын» тапсырды

    26.08.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    «Алаш топтамасын» тапсырды
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

    Талғар аудандық Мәдениет үйінде «Білімге қадам» республикалық қайырымдылық шарасы өтті. Онда «Respublica» партиясының өкілдері әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан 1 қыркүйекте алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын 36 бүлдіршінге мектеп сөмкелерін тапсырды.

    Биыл ғана күрделі жөндеуден өтіп, аудан тұрғындарының игілігіне тапсырылған Мәдениет үйінің әсем безендірілген фойесіне балалар, олардың ата-аналары, аудандық білім бөлімінің өкілдері жиналды.  Шараға «Respublica» партиясының тең төрағасы,  «San Tyres» компаниясының президенті Сырымбек Тау, партияның орталық аппаратының жетекшісі Жанат Ысқақов, партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Жарас Ниязбек, жергілікті жұртшылық өкілдері қатысты.

    Қайырымдылық шара Мәдениет үйінің өнерпаздары орындаған «Алаш арыстары» әнімен басталып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл сыйлады. Шара кезінде сөз алған Сырымбек Тау өзінің кәсіпкерлік қызметін алғаш осы Талғар ауданында бастап, мал шаруашылығымен айналысқанын, бұл өңірді, оның тұрғындарын жақсы көретінін, сондықтан қолынан келгенше әрдайым көмек қолын созып, тұрмысы төмен отбасыларға, әсіресе осындай ортада тәрбиеленіп жатқан балаларға жәрдем бергісі келіп тұратынын жеткізді. Оның айтуынша, «Respublica» партиясының биылғы жылғы қайырымдылық шаралары қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігін аңсаған «Алаш» партиясының тарихи атауы аясында өтіп жатыр.

    – Біз бүгін Талғар ауданында тұратын 36 бүлдіршінге «Алаш топтамасы» атауымен мектеп сөмкелерін тапсырамыз. Мұндағы мектепке қажет керек-жарақтарда Алаш арыстарының қанатты сөздері жазылып, олар халқымыздың тарихы мен ұлттық құндылықтарын дәріптейді.  Республика бойынша 1600 отбасының балаларына осындай сөмкелер сыйлаймыз деп шештік. Оған 50 миллион теңге жұмсадық. Ол сөмкелердің басым бөлігі немесе 1200-і су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілді. Қалған 200-ін Алматы және Жетісу облысының балаларына беруге ұйғардық.  Жас ұрпақ өзгелерге емес, өзіміздің Алаш арыстарына, даңқты ата-бабаларымызға еліктесін, солардың жолын қусын, келешекте еліне, халқына адал қызмет ететін отаншыл азаматтар болып өссін деген ниетпен сөмкелерді «Алаш топтамасы» деп атадық, – деді Сырымбек Тау.

    Ал Жанат Ысқақов мұндай шаралар бүкіл ел көлімінде өтіп жатқанын, «Respublica» партиясы да қайырымдылық істен шет қалмай, мұқтаж жандарға мүмкіндігінше көмек көрсетіп келе жатқанын жеткізді.

    Шараға балаларын ертіп келген ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, ел тағдырына, халқымыздың жағдайына бейжай қарамайтын елгезек те белсенді, іскер де отаншыл азаматтардың көбейе беруіне тілектес  екендіктерін жеткізді.

    Қайырымдылық шара аудан өнерпаздарының концертімен аяқталды.

    Құтмағамбет Қонысбай,

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Еріктілердің ерен еңбегі

    Еріктілердің ерен еңбегі

    1 year ago
    Президент өндірістік жылыжай кешеніне барды

    Президент өндірістік жылыжай кешеніне барды

    2 years ago
    Жастарға арналған орталық

    Жастарға арналған орталық

    12 months ago
    Бірнеше облыста донорлар ағзалары сәтті трансплантталды

    Бірнеше облыста донорлар ағзалары сәтті трансплантталды

    12 months ago
    Мектеп құрылысы неге тоқтап тұр?

    Мектеп құрылысы неге тоқтап тұр?

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>