-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    «Біріңді, қазақ, бірің дос»

    12.08.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    «Біріңді, қазақ, бірің дос»
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында ұлы Абайдың 179 жылдығына орай ақын шығармашылығына арналған әдеби іс-шара өтті. Оған ғалым-жазушылармен қатар ақындықты дәріптеп, дара тұлғасын ұлықтай алған қарасайлық жырсүйер қауым жиналды. 

    Шараға Алматы қаласынан абайтанушы, ақын, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Әділғазы Қайырбеков пен жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет  Ақыш, Қарасай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Гүлжан Дүйсенова, Шамалған ауылдық ақсақалдар кеңесі мен әжелер алқасының мүшелері қатысты. «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тақырыбындағы дөңгелек үстелде  қонақтар мен абайтанушы ұстаздар және мектеп оқушылары Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде ой қозғап,  қара сөздерін талқылады. Тілші-ғалымдар өздерінің авторлық кітаптарын оқырманға тарту етті.

    – Үкіметтің 2020 жылғы қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленіп, елімізде мерекелер күнтізбесіне енгізілгені мәлім. Бұл күн – бүгінде қазақ топырағында өмір сүріп жатқан барша халықты бірлікке, тұтастыққа шақыратын, адамгершілікке үндейтін, ақынның өзі айтқандай, «Біріңді қазақ, бірің дос» деп, қадір тұтатын қастерлі күн.  Ғұлама ақын өткен заманның, кешегі қоғамның соққан тынысын жеткізген, әр сөзі бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды.  Абай  лебі, Абай үні, ақын тынысы – заман тынысы, халық үні болды. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді, – деді «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының директоры Аяужан Заманбекқызы. Ол ұжым атынан қонақтарға алғыс білдіріп, иықтарына шапан жапты, ал әжелерге орамал сыйлады.

    Шара аясында негізгі әңгіме желісіне ұрпақтар сабақтастығымен әрбір жастың жадында жатталған ақын туындылары арқау етілді. Орталықтың кіреберіс көрме залында Абайдың әлеуметтік, қоғамдық, рухани мәселелерге арналған еңбектерінен «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оны аудан тұрғындары мен қонақтар, шараға қатысуға келген мектеп оқушылары тамашалады. Орталықта өткен шарада аудандық Мәдениет үйінің әншілері Тұңғатар Айдос пен Аманжол Әділжанның орындауындағы Абай әндері орындалды. Орталық қызметкерлері Абай өлеңдерін оқыса, ауылдың әжелер алқасы «Көзімнің қарасы» өлеңін шырқап, іс-шараға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

    «Абай Құнанбайұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиеті, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, кемеңгер философ, композитор һәм аудармашы, саяси қайраткер. Ол – либералды білімді, исламға арқа сүйей отырып, орыстың империялық қуатында тұрған шағындағы және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай шығармаларына қазақтың әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелері арқау етілген. Бұл күнді ауыл тұрғындары да қуана қарсы алып, өз деңгейінде атап өттік», – дейді аталған музейдің аға ғылыми қызметкері Әбу Алпамыс.

    Серік Сатыбалдиев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Сарбаздар серт берді

    Сарбаздар серт берді

    11 months ago
    “Ел бірлігі қиын күндерде айқын көрінді”

    Қазақстан халқы өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуі керек — Президент

    1 year ago
    Жас аспаздар жарысы

    Жас аспаздар жарысы

    2 months ago
    Достықтың тамыршысы

    Достықтың тамыршысы

    11 months ago
    Аймақ дамуына тың серпін

    Аймақ дамуына тың серпін

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>