-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кітапхана құлайын деп тұр

    23.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Мәселе
    Кітапхана құлайын деп тұр
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

    Атақ та, қолдағы байлық та – бір күндік дүние. Бүгін бар болғанымен, ертең оны ұстап тұруың неғайбыл. Ал бастағы білімді ешкім иемденіп кетпесі анық. Ендеше білім – рухани азық. Ол – мәңгілік. Осынау байлықтың көзі – кітап, кені кітапхана десек, бүгінгі біздің кітапханалардың халі қандай? Таусылмас кен, баға жетпес байлықтың ордасы атына сай ма?

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде кітап пен кітапхана мәселесіне де тоқталып: «Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр», – деп кітапханалардың жалпы жағдайын жасырмады. Өз кезегімізде аудандық кітапхананың халі қандай екенін бүкпесіз баяндап беруді жөн көрдік.
    Еңбекшіқазақ – 300 мыңнан астам тұрғыны бар үлкен аудан. Халық саны жағынан еліміздегі облыстық маңызға ие қалалардың өзін он орап алады. Әттеген-айы – осы үлкен ауданда бар-жоғы 22 кітапхана бар. «Кітапхана» деген аты ғана болмаса, заты оған сай емес. 22 кітапхананың 21-і – ауылдық кітапхана болса, біреуі – аудандық.
    Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасы Есік қаласында орналасқан. Көз көргендер кітапхана паналап отырған бұл ғимараттың салынғанына ғасырға жуықтап қалғанын айтады. Өзі тар ғимараттың іргетасы сөгіліп, қабырғаларының және электр коммуникацияларының техникалық жағдайы ескіріп, әбден тозығы жеткен. Ғимарат бастапқыда кітапхана үшін салынбағанын, әрі жүз жыл деген аз уақыт еместігін ескерсеңіз, мұнда кітап қорын сақтауға ешқандай да жағдай жасалмағаны түсінікті.


    Кітапханаларда кітаптар мен газет-журналдардың табиғи тозуының алдын алу үшін өзіндік ережелер бар. Кітап қоры сақталатын бөлмелері мен залдарындағы температура тұрақты болуы маңызды. Ауа температурасы +18-20 градус аралығында кітап парақтары кеуіп кетпей, дұрыс сақталады. Бөлмедегі ылғалдылық шамамен 45-60% болуы керек. Ал одан аз болса қағаздар құрғап, сынғыш келеді, жоғарыласа кітаптар дым тартып, көгеріп кетеді. «Бұл қарапайым ережелер сіздерде сақталған ба?» деген сұрақты аудандық кітапхана қызметкерлеріне қоюдан ұялдық. Өйткені жауын-шашынды күндері шатырдан су сорғалағандықтан, кітапхана қабырғалары дым тартып тұр. Кітап түгілі, осындағы қызметкерлер де жиі сырқаттанады. Себебі көмірмен жылынатын ғимарат қыстыгүні өте салқын болады. Ал жаздыгүні тар бөлмелердегі қапырықта отыру мүмкін емес.
    Аумағы бар-жоғы 275 шаршы метр болатын ғимарат шағын төрт бөлме мен кішірек бір дәлізден тұрады. Оның екеуінде кітапхана қоры сақталған және оқырманға берілетін абонемент бөлмесі де осында біріктірілген. Кітапхана қорында 55 мыңға жуық кітап бар. Өкініштісі, оның 70-80 пайызы ескі, орыс тіліндегі әдебиеттер. Бұл да – аудандық кітапханадағы үлкен мәселенің бір шеті. Бөлмелердің тарлығынан кітап сөрелері бір-біріне тым жақын тұр. Оқырманның еркін қозғалуына қолайсыздық тудырады. Орынның жетіспеушілігінен кітаптар талапқа сай орналастырылмаған. Ал кітапхана ережесі бойынша мерзімді баспасөз басылымдары 3-5 жылға дейін сақталуы міндетті болса, мұнда тағы да орын жоқтықтан газет-журнал тігінділері сақталмайды. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, мерзімді баспасөзде бұрындары жарияланған мақалалар мен құжаттарды іздеушілер көп екен. Өкініштісі, ол оқырманның сұранысы қанағаттандырылмағандықтан кітапхана жұмысына берер бағасы да тиісінше төмен болады.
    Кітапхана – мәдени-ағартушылық мекеме. Халықты оқу-білімге баулып, парасат-пайымы мен мәдени деңгейін көтеретін, шығармашылық орта қалыптастырып, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды танытатын көпшілік іс-шаралар кітапханаларда өткізілуі әлдеқайда өтімді. Алайда Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында мұндай іс-шараларды кең көлемде ұйымдастыру мүмкін емес. Өйткені оқу залына 15-20 адам ғана сияды. Осылайша сегіз мыңға жуық оқырманы бар кітапхана өткізетін іс-шараларында оқырманының тек 0,25 пайызын қамтуға шамасы жетеді.
    Бұл мекемеде 12 қызметкер жұмыс атқарады. Бөлменің жоқтығынан әдіскерлер – 4 адам кішірек дәлізде отырады. Санитарлық-гигиеналық ережелерге сай келмейтін бөлмелерде кітаптар да, қызметкерлер де қысылып-қымтырылып әрең сыйып отыр. Кітапхананы күрделі жөндеуден өткізу, жаңа ғимарат салу сынды мәселелерді көтеріп, аудан әкімдігіне де, аудандық мәслихат, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына да ұсыныс хаттар жолданған. Алайда баяғы жартас сол жартас қалпында тұр. Алты ай от жағып, қыстан шыққан кітапхана қызметкерлері құлаған пешін сылап, пештің ысынан қарайған ғимараттың ішін жақында ақтап алды. Өз күштерімен, әрине. Ал атқамінерлерден әзірше жауап жоқ. Кезінде медресе салып, мектеп ашқан, халықтың білім алып, қараңғылықтан шығуына жәрдемдескен қазақтың небір байлары болды. Оларды ел «жарты патша» атап, жақсылығын тарихқа таңбалады. Игі іске бастамашы болар осындай ауқатты адамдар біздің ауданнан да табылып жатса, қоғам ұстазы – кітапханаға қол ұшын созса екен дейміз.

    Құралай Мұратқызы,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Тұлпар дүбірі

    Тұлпар дүбірі

    9 months ago
    Алматы облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

    Алматы облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

    2 years ago
    Мемлекеттік қызметкер. Көрнекі сурет

    Мемлекеттік қызметкерлер енді Қонаевта оқытылады

    2 years ago
    Асы жайлауы мемлекет меншігіне өтті — AMANAT

    Асы жайлауы мемлекет меншігіне өтті — AMANAT

    1 year ago
    Заречныйдағы темірбетон зауыты басшылығы: Өндірісті кеңейтуге энергия қажет

    Заречныйдағы темірбетон зауыты басшылығы: Өндірісті кеңейтуге энергия қажет

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.