-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Көгілдір отын – игілік көзі

    26.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Энергетика
    Көгілдір отын – игілік көзі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «АлматыОблГаз Engineering» кәсіпорнының директоры Руслан Иштиряковты қабылдап, бір жыл ішінде атқарылған жұмыстың қорытындысы мен алдағы жоспарын тыңдады. Аталмыш кәсіпорын облысты газбен қамту және газдандыру саласындағы құзыреттілік орталығы жұмысының сапасын арттыру және су бұру және газдандыру жүйесін жаңғырту есебінен Алматы облысының 2030 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсарту жөніндегі даму стратегиясын табысты іске асыру үшін құрылған болатын.

    – Кәсіпорын күн сайын газ желілерін жарғылық капиталға қабылдау бойынша жұмыс жүргізеді. Оған үйішілік газ жабдықтарын жүргізу, техникалық шарттарды дайындау және беру, үйге газ тарату желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру және мониторингілеу кіреді. «ҚазТрансГаз» ұлттық операторымен табиғи газды көтерме бағамен жеткізу үшін шарт жасалды. Уәкілетті монополияға қарсы аумақтық органда халыққа отынды бөлшек саудамен жеткізу тарифі әзірленді, сондай-ақ тұтынушылармен газ жеткізу және техникалық қызмет көрсету үшін шарттар жасалды, – деді өз сөзінде Руслан Иштиряков.

    Кәсіпорын Қонаев және Алатау қалаларын газдандыру бойынша стратегиялық жобаларға белсенді қатысады. Қонаев қаласының кейбір шағын аудандарындағы тапсыруға дайын нысандар бойынша қабылдау іс-шараларын, жобалау жұмыстарын, жобалау алдындағы техникалық қызметтерді мониторингілейді және үйлестіреді. Ал Алатау қаласы бойынша жаңа газ құбырларын тарту, қолда бар қуаттарды ұлғайту және қажетті газ инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жобалық есептерді дайындау жұмысын іске асыруда.

    – Бақылау нәтижесінде бірнеше жүйелі проблемалар анықталды және жойылды. Оны шешкен жағдайда газдандыру деңгейі едәуір артады. Мысалы, магистральдық газ құбырларына қосу кезіндегі жобалау алдындағы жұмыста газдандырудың өңірлік картасының ережелері жиі ескерілмейді. ЖСҚ-да көрсетілгендердің жиі синхрондалуы, жұмыстың басталу мерзімі нақты уақытымен сәйкес келмейтіні, басталған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландырудың жеткіліксіздігі әрі созылмалылығы. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, елдімекендерге газ тарату желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын кәсіпорынның қарамағына беруді сұраймыз, – деді кәсіпорын басшысы.

    Бұдан соң ол облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің кәсіпорынның даму жоспары және нарықта өз орнын табуы, абоненттік төлемді біріздендіру және цифрландыруға көшу туралы сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ аймақ басшысы Руслан Иштиряковқа кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуды тапсырды.

    – Тұрғын үйлерді табиғи газға қосудың тиімді жолын табу керек. Бұл мәселе менің халықпен кездесулерімде бірнеше рет айтылды. Үйлерді табиғи газға қалай қосу жолына ғана емес, құнына да ерекше назар аудару керек, – деп түйіндеді сөзін Марат Сұлтанғазиев.

    Алма Есенбай,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қарғалының қолы шипа жандары

    Қарғалының қолы шипа жандары

    11 months ago
    Энергетикалық тәуелсіздікті нығайтады

    Энергетикалық тәуелсіздікті нығайтады

    8 months ago
    Баспасөздің бәсі биік

    Баспасөздің бәсі биік

    10 months ago
    Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шара өтті

    Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шара өтті

    2 years ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Әлеуетті аймақтан қуатты елге

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>