-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Олимпиадаға қатысқан спортшыларды құттықтады

    17.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Олимпиадаға қатысқан спортшыларды құттықтады
    0
    SHARES
    36
    VIEWS

    Алматы облысында Парижде өткен Олимпиада ойындарында облыс намысын абыроймен қорғаған спортшыларды салтанатты түрде құттықтады.

    Қонаев қаласында өткен іс-шарада аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев спартакиада жеңімпаздарын құттықтап, облыс кәсіпкерлері атынан бағалы сыйлықтар табыс етті. Әкім халықаралық аренада туған өлкенің абыройын асқақтатып жүрген спортшыларға облыс кәсіпкерлері қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін атап өтті. Жалпы жүлде қоры 24 миллион теңгені және 4 пәтерді құрады.

    “Біз сіздерді мақтан тұтамыз, сіздердің медальдарыңыз – бұл жай ғана спорттық жүлделер емес, олар – батылдықтың, қайсарлықтың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің нағыз үлгісі” – деп атап өтті өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде.

    «Бұқаралық спортты дамыту және чемпиондарымызды қолдау – біздің алға қойған негізгі міндеттеріміздің бірі. Алдағы уақытта да спортшыларымызға жаңа жарқын жеңістерге жету үшін барлық жағдайды жасай береміз», – деп сендірді Марат Сұлтанғазиев.

    Әкім Алматы облысының барша кәсіпкерлері атынан Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа 10 миллион теңгенің сертификаты мен үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Қола жүлдегер Назым Қызайбайға да облыс басшысының қолынан бизнес қауымдастығының сыйлықтары: 3 бөлмелі пәтердің кілті мен 2 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

    Спортшылардың бапкерлері де марапатсыз қалмады: Жұмақан Тұрғанбеков пен Боранбек Қоңыратов өңірдегі кәсіпкерлерден 2 миллион теңгенің сертификаттары мен екі бөлмелі пәтердің кілтін алды.

    Сонымен қатар, облыстан барған басқа қатысушылар да құр қол қалмады. Олар кәсіпкерлер атынан 2 миллион теңгенің сертификаттарын алды.

    * Эдуард Ещенко (стенд ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Азия ойындары мен әлем кубогының жеңімпазы;

    * Әсем Өренбай (стенд ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Азия ойындары мен әлем кубогының жеңімпазы;

    * Мария Дмитриенко (стенд ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, әлемнің, Азия кубогының және Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері;

    * Никита Чирюкин (ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, әлем және Азия чемпионы, Әлем кубогы мен Азия ойындарының қола жүлдегері.

    Ұсынымдар

    Әке – ұрпақ қорғаны

    Әке – ұрпақ қорғаны

    1 year ago
    Жақсы сөз жан сүйсіндіреді

    Жақсы сөз жан сүйсіндіреді

    4 months ago
    Дарынымен дараланды

    Дарынымен дараланды

    12 months ago
    Үздік отбасылық медицина орталығы

    Үздік отбасылық медицина орталығы

    12 months ago
    Бокс турнирі мәресіне жетті

    Бокс турнирі мәресіне жетті

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>