-13 °c
Qonaev
Saturday, June 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жақсы сөз жан сүйсіндіреді

    31.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Жақсы сөз жан сүйсіндіреді
    0
    SHARES
    213
    VIEWS

          Қарғалы ауылы сонау жылдары үш мың адам еңбек еткен шұға комбинатымен танылғаны баршаға мәлім. Көпұлтты ұжымдағы халықтың еңбекке деген құлшынысы ерекше еді. Мыңдаған тоқымашының денсаулығын қырағылықпен күзеткен ауруханадан Еңбек Ері Ысқақ Әлібеков шыққан. Қолы шипалы азаматтың ісін бүгінгі жастар жалғастыруда. Қарғалы ауылындағы Жамбыл аудандық ауруханасын бас дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Дархан Сыбанбаев басқарса, қазір әріптесінің орнына білікті хирург Асқар Қалиев келді. Іскер, білімді азаматтар аталған аурухана жұмысына жаңашылдық енгізді.

    Қарғалы ауруханасына осы ауыл­дағы қырық мың халықпен қоса, Үмбетәлі, Қасымбек елдімекендерінің тұрғындары қарайды. Демек, қойылатын талап пен талғам да жоғары. Әсіресе қыс, көктем айларында түрлі аурумен есепте тұрғандардың денсаулығы сыр береді, нашарлайды. Олар терапия бөліміне келіп қаралатыны анық. Емделушілерге осы бөлімнің басшысы, терапевт-дәрігер Нәзира Алланазарова мен кардиолог Әйгерім Сатыбалдиева көмек қолын созатынын көріп жүрміз. Өйткені терапия ішкі ағза аурулары мен олардың себептері, даму барысын анықтайды. Және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттеп, ем-шара жасауды жолға қояды. Бөлімше аурухана ғимаратының үшінші қабатында. Бөлімдегі қызметкерлер жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек жолдары, бүйрек, жүкті әйелдердің сырқаттарын, жүйке жүйесі, эндокриндік ауруларды емдейді және оларды ерекше бақылауда ұстайды. Мұндағы төсек қоры 35 болса, енді оны көбейту мәселесі қолға алынуда. Өйткені аурухана ғимараты бүгінгі талапқа толық жауап бере алмайды. Жаңасы салынса деген халықтың талап-тілегі де бар. Десе де терапия бөлімінде жылына орта есеппен мыңнан астам науқас емделеді.
    Ауруды асқындырмай емдеу пациент­­тердің өмір сүру сапасын жақсар­­татыны анық. Жол болып, осында ем алып, сауығып шыққан Тоқсабай Райымовпен кездесудің сәті түсті. «Қарағанды қаласынан қызым мен күйеу баламның үйіне келген едім. Әдеттегідей қан қысымым көтеріліп, «Жедел жәрдеммен» осыннан бір-ақ шықтым. Шынымды айтсам, мұндағы дәрігер Нәзира мен Әйгерімнің адамға деген ерекше қамқорлығы, жан-жақты кәсіби білімдері менің көңілімнен шықты. Ем алғаныма бір аптадан асты. Аурудың бетін қайтару оңай емес. Мұндағы палаталардағы тазалықтың өзі адам көңілін көтереді. Тазалықшы Айгүл Бекмұратова, Нұржамал Қанбаева, тағы басқа қыздардың еңбегіне тек алғыс айтамыз. Ал медбикелер Гүлмира Кірғабақова, Гүлжанат Қосалықова, Қалияш Ізтілеуова, Мақпал Жәпекова, тағы басқалары дәрігердің берген нұсқауларын мінсіз орындайды. Асхана қызметкері Екатерина ана тіліміздің майын тамызып, өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарайды», – деді ол. «Қасындағы күйеубаласы Ерхан Жаңабергенов те атасының сөзін қостап, аурухана ұжымына алғысын айтты.
    Алыстан ат арылтып келген қызыл­ор­­далық Бақдәулет Нұржановтың да терапия бөліміне деген ықыласы мен алғысы ерекше. Ауруханадағы жүйелі жұмысқа Бегайым Әлсейітова мен Айман Әкімбаеваның да ризашылығы шексіз. «Бас дәрігер Асқар Қалиев пен бас дәрігердің емдеу-профилактикалық іс жөніндегі орынбасары Айжан Сейітбаева күн сайын әр бөлімді аралап, емдеуші­лердің жағдайын біліп, ем-шараға байланысты пікір қосады. Мұндай жауапкершілік бар жерде, әрине, емделушілер риза. Өйткені денсаулық болса ғана өмірдегі бар қиындықты жеңесің. Айжанның дәрігер ретінде аяғы ауыр келіншектерге деген қамқорлығы тіпті ерекше. Бұл дәрігердің ана мен бала өміріне деген жауапкершілігін көрсетеді. Осындай ақ халатты абзал жан деп айтуға лайық, кәсібіне адал жандар көп болса», – дейді олар.
    Иә, қандай мамандық болсын өзінің ерекшелігі бар. Дәрігер маман­дығы солардың арасындағы халыққа ең қажеттісі! Осы мамандықты таңдаған­дарға тағы бір қажет дүние жылы жүрек, сабыр мен төзімділік екені даусыз. Қарғалылық дәрігерлер емделу­шілерден алғыс алып, ең биік марапат «Рақмет» деген бірауыз сөз айтса, сол жеткілікті екенін жеткізді. Иә, бұдан асқан алғыс бар ма?! Халқымыздың «Жақсы сөз жан сүйсіндірер» деген тәмсілі осындайда айтылса керек. Сөз соңында келгендерді сүйсіндірген дәрігерлердің еңбегі жана берсін демекпін.

    Дарина ӘЛІБЕКОВА
    Қарғалы ауылы,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Үйі өртеніп кеткен тұрғындар баспаналы болды

    Үйі өртеніп кеткен тұрғындар баспаналы болды

    1 year ago
    Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет

    Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет

    9 months ago
    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    Табиғи газды пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын білеміз бе?

    3 months ago
    Заманауи көліктер табысталды

    Заманауи көліктер табысталды

    8 months ago
    Мемлекеттік қызметкерлер ән шырқады

    Мемлекеттік қызметкерлер ән шырқады

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>