-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Студенттер қалашығына айналады

    28.08.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Студенттер қалашығына айналады
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ғылым мен техниканың жетістіктерін  өндіріске енгізу жайында берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысында елімізде біршама жұмыстар қолға алынғаны белгілі.  Осының бір айғағы ретінде Қаскелең  қаласында күні кеше ғана тұсауы кесілген  Алматы энергетика және байланыс университеті қолға алған «Future University» жобасын келтіруге болады.

     Алдымен айтарымыз, аталған жоба бойынша Алматы қаласында орналасқан Энергетика және байланыс университеті Қаскелең қаласына қоныс аударып, бұл жерде жаңа студенттік кампустар бой көтермекші.  Атап айтқанда, қала маңынан бөлінген 15 гектар жерге әрқайсысы 60 мың шаршы метрді құрайтын екі оқу корпусы және 6 мың студентке арналған жатақханалар бой көтермекші. Жобаның құны мөлшермен 100 млн АҚШ доллары көлемінде болады деп күтілуде.

    Жобаның ашылу салтанатына келген қонақтар алдымен жаңадан ашылатын креативті  индустрия паркінің тұсаукесеріне қатысты. Қызыл лентаны қию құрметі Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығметовке, Нью-Йорк киноакадемиясының Президенті Майкл Янға, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновке бұйырды. Осыдан кейін қонақтар университет ғимаратына келіп, аталған жоба жайлы дайындалған бейнекөрсетіліммен танысты.

    Осы жерде алғашқы рет жасанды интеллектінің көмегімен Алматы қаласынан шығатын қоқысты тасымалдау, өңдеу және тұрмыстық қалдықтардан жаңа технологияларды пайдалана отырып алынатын көгілдір отынды игеру, оны тиімді пайдалану туралы төрт жаңа жоба – стартаптар таныстырылды. Дамыған мемлекеттерде қалдықтардың 80 пайыздан астамы  өңдеуден өтетінін ескерсек, біздің елімізде 15 пайыз мөлшерінде қалып отыр. Бұл қоршаған орта мен экологиямызға, экономикамызға да зор шығын әкелетіні жасырын емес. Ал Алматы қаласының тұрмыстық қалдықтары мен қоқыстары тасымалданатын орын Қарасай ауданында орналасқанын ескерер болсақ, біз үшін бұл жобаның өзектілігі арта түседі. Жоба жетекшілері қалдықтарды сұрыптап өңдеумен қатар, одан арзан әрі тиімді көгілдір отын – метан газын өндіру мәселесіне кеңінен тоқталды.  Бұл бағытта әлемдегі ең озық технологиялары өндіріске енгізілген мемлекеттермен  келісім жасалып, инвестиция келе бастаған.

    Жоғарыда айтқандай, бұл күні Креативті индустрия паркінің ашылуы салтанатты түрде өткізілді. Алқалы жиында Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығметов университет жанынан ашылған «Future University» жобасы жайлы баяндап, оқу орнының алға қойып отырған тың бастамаларын жұртшылық назарына ұсынды.  Бүгінде аталған университет жылу мен энергетика,  телекоммуникация мен ғарыштық технология салаларының мамандарын даярлаумен айналысатыны белгілі. «Future University» жобасы бойынша  жаңа оқу корпустарының ашылуымен мұнда бүгінгі оқу бағдарламасын жетілдірумен қатар жаңартылатын және атом энергиясы, жасанды интеллект, робототехника, жасыл және климаттық технологиялар, киноиндустрия мен ойындар саласы бойынша Орта Азиядағы жетекші оқу орындарының біріне айналу мүмкіндігі туындайды.

    Future University Қаскелең қаласында орналасқан Сулейман Демирел университетіне жақын жерге қоныстануы  екі жоғары оқу орнының бірігіп жұмыс жасауына да мүмкіндік береді.  Алматының сыртына алғашқы болып қоныс тепкен бұл университеттің болашағына күмәнмен қарағандардың да болғанын несіне жасырамыз. Алайда СДУ бүгіндері еліміздегі жетекші университеттердің біріне айналғаны белгілі. Сондықтан студенттер мен оқытушыларды алмастыру, ғылыми жобаларды бірлесе жүзеге асыру,  университеттің құрылымдары мен техникалық мүмкіндіктерін бірігіп пайдалану арқылы  заманауи мамандарды дайындау, озық жаңалықтарды  жүзеге асыруға жол ашылады. Осындай әріптестіктің нәтижесінде Қаскелең қаласы да жедел дамып, 20 мыңнан аса студент мекендейтін универстет қалашығына айналады деп күтілуде.

    Шараға арнайы келген ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген ғылым мен технологияға қатысты мәселелер  мемлекет пен жекеменшік әріптестігі арқасында жүзеге аса бастағанына ризашылығын білдірді. Еліміздегі киноиндустрияның дамуына серпін беретін  жаңа жобаға сәттілік тіледі.

    Осыдан кейін мінберге көтерілген  Нью-Йорк киноакадемиясының Президенті Майкл Ян еліміздегі киноиндустрияның дамуы,  оған қажетті жоғары білікті мамандар дайындау мәселесін сөз етсе, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов  қазіргі таңда өңірде 500 мыңға жуық адам тұратынын, ауданның өндірістік саласы да күн өткен сайын өркендеп келе жатқанын тілге тиек етіп,  аудан аумағында екінші жоғары орнының ашылуын қуана құптайтынын,  Қаскелеңнін  студенттер қалашығына айналуы өңірдің дамуына жол ашатынын жеткізді.

    Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов бүгінде елімізде көрерменге жол тартатын  көркем фильмдердің 80-90 пайызы Алматы облысында түсірілетінін,  оған облыстың қолайлы климаты қолайлы, сұлу табиғаты мүмкіндік беретінін айтты. Оған «Томирис», «Жаужүрек мың бала», «Көшпенділер»  сияқты картиналарды тілге тиек етсек жеткілікті. Осыны айта келіп Ерік  Әзілжанұлы өлкемізде киноиндустрияны дамытуға мүмкіндік мол екенін, оны жүзеге асыруды облыс басшылығы қолдайтынын да  айтып өтті.

    Салтанатты жиынның соңы киноиндустрия форумына жалғасты. Осы саланың 200-ден аса танымал мамандары қатысқан форумда «Сандық технологиялар заманындағы киноиндустрияның болашағы», «Қазақстандағы киноиндустрия: міндеттер мен мүмкіндіктер», «Біздің киноның ерекшеліктері» тақырыптары жан-жақты талданып, қатысушылар алдында индустрия алпауыттары әріптестерімен ой бөлісті.  Солардың қатарында  Нью-Иорк киноакадемиясының президенті Майкл Ян, продюссер  Арман Давлетьяров, «Қазақфильм» АҚ-ның президенті міндетін атқарушы Айдар Омаров, «Qazaq Media» ЖШС-нің басшысы Александр Аксютиц сияқты танымал тұлғалар сөз алып, саланың қыр-сыры және болашағы жайлы кеңінен әңгімеледі.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Квазимемлекеттік сектор бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Квазимемлекеттік сектор бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    5 months ago
    Рұқсат етілмеген жерде шомылған 30-ға жуық адам жауапқа тартылды

    Балаларға бас-көз болыңыз

    10 months ago
    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    Алматы облысының тұрғындары газ бағасының қымбаттағанына наразы

    2 years ago
    Коммуналдық қызмет тарифі қымбаттайды

    Коммуналдық қызмет тарифі қымбаттайды

    1 year ago
    Судың да сұрауы бар

    Судың да сұрауы бар

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.