-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тамыз несімен тамсандырады?

    05.08.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Құқық-заң
    Тамыз несімен тамсандырады?

    Screenshot

    0
    SHARES
    11
    VIEWS

           Қоғам тынысы, халықтың тыныс-тіршілігінің тасасында қалың бұқараның көпшілігі назар аудара бермейтін өзгерістер қалып кетіп яки қолданысқа еніп жатады. Бір аңғарғанымыз, ҰБТ өткізу, бала денсаулығы төлқұжатын электронды форматқа ауыстыру, ел мектептеріне құжаттар қабылдаудың аяқталуы – биылғы тамызда халықтың сарыла күтетін өзгерістерінің бір парасы ғана.

    Біз сол өзгерістерге жеке-жеке тоқталып өтсек дейміз. Соның бірі – сағат белдеулері наурыздың 1-нен бастап елімізде UTC+5 бірыңғай сағаттық белдеуі енгізілгені бар­шаға мәлім. Сөйтіп, бұған дейін ел аймақтарындағы әртүрлі сағат айырмашылығы бірыңғай көрсет­кішке бағындырылды. Алайда Үкіметтің бұл шешімі халық арасын­да бірқатар даулар мен пікірталас­тар туғызғаны тағы да белгілі. Қазақстан үшін бірыңғай сағат белдеуін енгізуді жақтаушылар мен қарсылардың пікірталастарының нәтижесінде уақыт өзгерісін алып тастауды талап еткен петиция пайда болды. Ол қысқа мерзім ішінде 50 мың дауыс жинап үлгерді. Бұл Үкіметтің мәселені талқылауына заңды негіз беруге қажетті мөл­шер еді. Қорыта келгенде, жұмыс тобы құрылып, оның құрамы­на кірген сарапшы­лар бірыңғай сағат­тық белдеудің қаншалықты дұрыс-бұрыстығын қарастырады. Петицияны қарап, талқылауға 40 күн беріледі. Осы тамыз айының бас кезінде аталған комиссия құжаттың мазмұнына қатысты алдын ала шешімін жариялап, бұрынғы уақыт белдеуін қайтару талабын орындаудан бас тартты.

    Ендігі бір көңіл бөлгізер жаңа­лық – Астана мен Алматының қоғамдық көліктеріндегі жол- ақысы қымбаттады. Айталық, Астана қаласында ол 20 теңгеге көтеріліп, 1 тамыздан бастап жетер жеріне автобуспен қатынап жүр­ген астаналықтар енді бір сапарға 110 теңгеден төлейтін болады. Автобуспен, троллейбуспен және метромен жүретін алматылықтар да қалта шығынына 20 теңге қосуға мәжбүр болды. Тамыз айынан бас­тап картамен немесе банк қосым­шасы арқылы жасалатын төлем алматылықтар үшін 120 теңгені құрады. Бұған қоса Алматының қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол ақысын қолмақол ақшамен алуға толық тыйым салынды. Қоғамдық көлікте жүру құны өткен жылдың тамызында көтерілген болатын. Ол кезде де жол ақысына 20 теңге қосылып, 80 теңгеден 100 теңгеге артып, қолмақол төлем құны 200 теңге болып бекітілген еді.
    Еліміздің бас қаласына демалу­ға, қыдыруға яки жұмыс бабымен баратын отандастарымыз үшін біршама жағым­ды жаңалық – Астана теміржол вокза­лын­дағы автотұрақ құны 5 тамыздан бастап арзандатылды. Астана әкім­дігі: «Барлық пайдаланушылар үшін неғұрлым ыңғайлы және ашық жағ­дай­ларды қамтамасыз ету мақса­тында тұрақта тұрған 2-6 сағаттан кейін әр сағатына 1 мың теңгелік шектік тарифтің күші жойылады», – деп хабарлады. Ендігі жерде тұрақта тұрған әр сағат үшін сағаттық тариф мөлшері 200 теңге болып бекітіл­ді. Әкімдіктің хабарламасында: «Мысалы, қазіргі тарифпен авто­көліктің ақылы тұрақта үш сағат тұрғаны үшін жүргізуші 1200 теңге төлеген болса, жаңа тарифпен 600 теңге төлейтін болады. Егер уақыт, мысалы, 6 сағаттан асып кетсе, әрі ол қазіргі тарифпен 4200 теңге болса, жаңа тарифпен 1200 теңге ғана болмақ», – делінген. Естеріңізге сала кетейік, «Астана» теміржол вокзалындағы ақылы тұрақтың тұру құны 2017 жылдан бері өзгертілмеген еді.
    Ата-аналардың көңілін күпті етіп жүрген бір маңызды мәселе – 1-сыныпқа баратын балалар­дың құжаттарын қабыл­дану мерзімінің қысқалығы еді. Биыл 31 тамыз күні елімізде мек­теп­терге, гимназиялар мен лицей­лерге 1-сыныпқа бала тіркеу құжаттарын қабылдау аяқталады. Бұған дейін құжат қабылдау 1 тамызда тоқтатылатын. Ата-ана­лар тарапынан түскен көптеген өтінішке байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі құжат қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Министрлік таратқан хабарламада: «Егер бұдан бұрын 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүзеге асырылып келген болса, бұдан былай ата-аналардан немесе баланың заңды өкілдерінен 1-сыныпқа құжат қабылдау ағым­дағы жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында атқарылатын болады», – деп көрсе­тілген. Бұған қоса, мектептен мектеп­ке тек дема­лыс кездерінде ғана ауысуға болады деген шектеу алынып тасталды. Аталған хабарламада: «Жаңа ережеге сәйкес, тұрғылықты жеріне байланысты балаларды оқу жылы бойында мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар», – делін­ген. Айтпақшы, 9-сыныптан соң 10-сыныпта оқуын жалғастыра­мын деген шәкірттердің өтінішін қабылдау мерзімі де 15 тамыз бен 31 тамыз аралығы болып өзгертілді. Ал техникумдар мен колледждер­ге құжат қабылдау бұл жылы 25 тамызда аяқталады.
    Ата-аналар үшін тағы бір жағым­ды жаңалық – баланың денсаулық төлқұжаты электронды форматқа ауыстырылмақ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет­терді цифрландыру жөнін­дегі жұмыс аясында аталған құжат­ты электронды форматқа ауыс­тыру жобасын да жүзеге асырды. Оның маңызы зор, өйткені бала 1-сыныпқа барғанда ата-аналар осы құжатты мектепке ұсынады. Ведомствоның баспасөз қызметі: «Бұл құжатты қағазбен жүргізу көп жағдайда оның жоғалуы­на немесе өзекті мәліметтердің жойылуына, емханалардағы сарсылт­­­қан кезектерге апарып тірей­тін. Осы мәселелердің шешімі ретінде Денсаулық сақтау министр­лігі Оқу-ағарту министр­лігімен бірлесе отырып, баланың денсаулық төлқұжатын электронды форматқа ауыстыруға кірісті», – деп хабарлады. Ата-аналар үшін электронды төлқұжаттың енгізілуі қағазбастылықтың қысқаруымен және өз балаларының денсаулығы туралы ақпараттарға eGov Mobile және eDensaulyq электронды қыз­меттері арқылы ыңғайлы қол­жетім­ділік тұрғы­сынан тиімді болмақ. Білім беру мекемелері де емханалардағы медици­налық бақылау­­­лардан кейін автоматты түрде беріле­­тін оқушылар­дың денсау­лық жағдай­лары туралы өзекті ақпарат­тарды шұғыл түрде ала алатын болады. Электронды төлқұжаттың eGov Mobile-мен біріктірілуіне қатысты шаруалар осы тамыз айында аяқталуы тиісті.
    Халықтың тұрмыс-тіршілігінде өзекті болып саналатын бір нәрсе – белгілі бір кезең аралығында ауыл­шаруашылығы саласына жүргізіліп тұратын санақ. Мұндай санақтың жүргізілмегеніне де талай уақыт болды. Биылғы тамыз айында республикада пилоттық режимде ауылшаруашылық санағы басталмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша алдағы 2025 жылы Қазақ­станда, қалалар мен ауыл­дардағы ауылшаруашылық кәсіп­орындары мен мекемелері, фермер­лік, жекеменшік және шаруа қожалықтарына толық санақ жүр­гі­зілуі тиіс. Мұндай санақ бау-бақша және саяжай коопера­тив­терін де айналып өтпейді. Бұған қатысты ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев: «Халық санағын өткізуге ұқсас, заңды тұлғалар мен жеке­меншік қосалқы шаруашылық ие­леріне арнайы web-порталдағы санақ сауалнамаларын толтыру ұсынылады. Сауалнамадан өтпеген қалған рес­понденттер жөніндегі мәліметтерді жинауды планшет пайда­­лану арқылы интервьюерлер жүзеге асыратын болады», – деп түсіндірді.
    Қалаларда мақсатты жиынтық­тарын анықтау үшін сайжай учас­келері мен жекеменшік қосал­қы шаруашы­лықтарды алдын ала аралау жүргізу жоспарланған. Санақ 1 тамыздан бастау алды.
    Республиканың барлық өңірін­дегі санақ сауалнамаларын, әдісте­месін, ақпараттық жүйелерді, егістіктік-алқаптық жұмыстарды енгізу, бюд­жетті бағалау, интернет-жабын сапасы мен ақпараттық жүйе­лердің интернетсіз жұмысы­ның сапасын пилоттық тексеру де тамыз айын­да өтпек. Сол жұмыстардың қорытын­дысы бойынша санақ­тың негізгі сатысындағы әкімшілік мәліметтерді пайдалану мүмкіндігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дайындығы, әкімшілік мәліметтердің сапасын бағалауды қоса ала отырып, анық­талған мәселелер туралы есеп жасалады.
    Халық тұрмысында халықара­лық сауда-саттықтың да атқарар рөлі орасан. Осы тұрғыдан алғанда енгізіліп отырған Ресей астығын кіргізуге тыйым салу да елең еткізер жаңалық екені сөзсіз. Еліміз бұған дейін солтүстік көршіден астық кіргізбеу туралы тыйым мерзімін биылғы 1 тамыздан бас­тап 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартты. Мұндай шешім қабыл­дауға «сұр импорт» деген атқа ие болған қауіптің артуы себеп болып отыр. Екінші бір салмақты себеп – биыл Қазақстан астық өнімдерінің рекордтық түсіміне есеп жасаған болатын. Сондай-ақ ел билігі астықтың экспорттық баж салығын 50 пайызға дейінгі мөлшерде енгізудің мүмкіндігін қарастырып жатыр.
    Халық үшін аса маңызды екі мәселе – «Банкроттық туралы» Заңға енгізілер түзетулер мен несиенің мөлшерлемелер көлемін өзгерту осы айда жүзеге аспақ. «Банкроттық туралы» Заңға енгізіл­ген түзетулер тамыз айының орта­сынан бастап күшіне енеді. Ал несиелер жөніндегі мөлшерлемелер көлеміне қатысты жоба тамыздың 1-і күні аяқталып, 20-сында күшіне енеді деп жоспар­ланып отыр.

    Бейбіт Мекеев

    Ұсынымдар

    Балаңызды бақылаңыз

    Балаңызды бақылаңыз

    2 years ago
    Әкім шатыры өртенген үйге табиғи газ тартуды тапсырды

    Әкім шатыры өртенген үйге табиғи газ тартуды тапсырды

    2 years ago
    Білім беру жүйесінің мәселелері талқыланды

    Білім беру жүйесінің мәселелері талқыланды

    2 months ago
    «Қалқан» – Отанның қалқандары туралы…

    «Қалқан» – Отанның қалқандары туралы…

    7 months ago
    Алматы облысында ұзындығы 30 метрлік ту жайылды

    Алматы облысында ұзындығы 30 метрлік ту жайылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>