-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жол жөнделді

    07.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    Жол жөнделді
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Еліміздегі ұңғыл-шұңғыл, сапасыз жолдар мәселесі – айта-айта жауыр болған тақырыптың бірі. Тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында бірнеше рет осы мәселені қаузаған болатын. «Негізгі қалаларымыз бен аймақтарымыздың арасын сапалы жолдармен жалғау маңызды. Тағы да қайталап айтамын – сапалы жолдармен. Ашығын айтсақ, жолдардың сапасы сын көтермейді әрі бұл мәселе жиі көтеріледі. Жол сапасының нашарлығына қатысты халықтың наразылығы орынды. Оның себебі көп. Ең бастысы, саланы жемқорлық жайлаған», – деп Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің жол саласы жайында біраз сын айтты. Әрі жолдарға қатысты жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу және сапасына айрықша назар аудару керектігін де баса ескертті.

    Ұйғыр ауданында да жол мәселесі өте күрделі. Әсіресе аудан орталығы Шонжы ауылының орталық көшесінің жайы көптің көңілін күпті етіп жүргелі қашан?! Соңғы рет А.Арзиев көшесіне күрделі жөндеу жұмысы 2012 жылы жүргізілген болатын. Содан бері 12 жыл өтті. Осы аралықта бірнеше мәрте жеңіл-желпі жөндеу жүргізіліп, ойылған жерлер жамап-жасқалды. Соған қарамастан аудан орталығындағы орталық көшенің сыйқы кетіп, сәні қашып тұрған. Биыл дәл осы А.Арзиев көшесін асфальттау қолға алынды. Ұзындығы 5,3 шақырымдық жолды жөндеу жұмысы шілде айында басталған. Бүгінде жұмыс аяқталу алдында тұр. Бұл жобаға мемлекет қоржынынан 358,4 млн теңге қаражат қарастырылған.

    Аталған жұмыс «ЖетісуЖолҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қанат Маметқановтың жетекшілігімен жүзеге асуда. Бұл турасында айтқан аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дамир Исмаилов жобаның басы өткен жылы басталғанын да түсіндірді. Қайнап тұрған асфальтты төсеуге атсалысып жүрген жігіттердің шапшаңдықтары мен ептіліктерін, ми қайнатар ыстықты елемей, өздеріне берілген тапсырмаларын тап-тұйнақтай етіп орындау барысын көзімізбен көріп, орталық көшенің айнадай жарқырағанына риза болыстық. Енді сапасын уақыт көрсетер. Көшенің таза, теп-тегіс болғаны көңілге қуаныш ұялатты.

    Былтырдан бастап Шонжыда орталық көшемен қатар ұзындығы 2,4 шақырым Бесарыс, Хантау және Ақжар көшелерінің асфальтары төселіп басталған еді. Осылайша жалпы жоба аясында 2023-2024 жылдары Шонжы ауылының 7,7 шақырым көше жолына орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.

    Осылайша мемлекет тарапынан қыруар қаражат бөлініп, ел игіліне жұмсалды. Бұл ретте бізде тақтайдай тегістелген жаңа жолдың сапасы сын көтеріп, халыққа ұзақ жыл қызмет етсе екен деп тіледік.

    Анар Дүйсенбайқызы,

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    BBC News хабарында Алматы облысының туризмі жарнамаланады

    BBC News хабарында Алматы облысының туризмі жарнамаланады

    2 years ago
    Құндылықтарға құрмет

    Құндылықтарға құрмет

    3 months ago

    54 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

    11 months ago
    БІР ҒАСЫРЛЫҚ БІЛІМ БҰЛАҒЫ

    БІР ҒАСЫРЛЫҚ БІЛІМ БҰЛАҒЫ

    2 years ago
    Жас қаламгерлер Бердібек пен Мұқағали ауылында

    Жас қаламгерлер Бердібек пен Мұқағали ауылында

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.