-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында алғаш рет «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті

    11.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    0
    SHARES
    36
    VIEWS

    Шара аясында Жамбыл ауданының ірі сауда орталықтарында тұрғындарға тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Игі бастама Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы мен Жамбыл аудандық ауруханасымен бірлесе өткізілді. Аясында қор өкілдері халыққа МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтер мен науқастардың құқығы туралы айтып, ақпараттық жадынамалар таратты. «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болатынын баса айтты.

    «Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Бірақ, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Біз осыны акция аясында кеңінен түсіндірдік. Әсіресе, науқастардың құқығын жіті жеткіздік. Сонымен қоса, МӘМС есебінен дәрі-дәрмектерді де ала алатынын, жалпы осы жүйенің азаматтарға беретін мүмкіндігін айттық. Тұрғындардың шараға белсенділігі қуантады», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облыстық филиалы бөлім басшысының ма Әкімбек Саурықбаев.
    Мұнымен қоса, акцияға қатысушыларға Жамбыл аудандық ауруханасының бейінді дәрігерлері кеңес беріп, тұрғындарды өз денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды. Келушілердің артериялық қысымын өлшеп, уақытылы скринингтен өту арқылы қауіпті ауруларды дер кезінде анықтаудың маңыздылығын жеткізді.
    «Мұндай акциялардың маңыздылығы зор. Бүгін тұрғындар белсенді болып, өздері келіп медициналық кеңес сұрады. Қан қысымдарын өлшеп, белгілі бір аурулар тізбесі бойынша ақпарат бердік. Жалпы, халық өзі профилактикалық шараларды өткізуі керек. МӘМС шеңберінде скринингтен уақытылы өтуі қажет. Әсіресе, осы тексеру кезінде қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін мекенжай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек», – дейді дәрігер Нұрсұлтан Қалабасов.

    Айта кетерлігі, «Денсаулық бұрышы» акциясы аймақта алғаш рет өткізіліп отыр. Алда мұндай шаралар өзге де аудандарда жалғасын табады, – дейді ұйымдастырушылар.
    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Бала жанының бағбаны

    Бала жанының бағбаны

    1 year ago

    Ізгілікті іс

    8 months ago
    Демеу Жадыраев Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

    Демеу Жадыраев Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

    10 months ago
    Қазақ манасшысына құрмет

    Қазақ манасшысына құрмет

    5 months ago
    Ұйғыр ауданының атауын өзгертуге қатысты түсінік берді

    Тұрғындар турасын айтты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>