-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Апорт – біздің мақтаныш!

    27.09.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Апорт – біздің мақтаныш!
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Талғар ауданының Алмалыбақ ауылында орналасқан Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми-зерттеу институтының помологиялық бағында алғаш рет Қазақстандағы бақ өсіруді дамытуға және апорт алмасын қайта жаңғырту мәселелеріне арналған «Garden Day – Aport» бақ күні өтті. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бірлесіп ұйымдастырған ауқымды ғылыми-танымдық семинар-кеңеске ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, отандық бақ өсірушілер, ғалымдар, шетелдік қонақтар қатысты.

    Шараны ҚР Президенті жанын­дағы Ұлттық ғылым академиясы­ның президенті Ақылбек Күрішбаев ашып, еліміздегі бақ өсіру жайын кеңінен әңгімеледі. Сонымен бірге бұл саланың ғылыми қамтамасыз еті­луін жүзеге асырып отырған жалғыз мамандандырылған ұйым – Қазақ же­міс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (ҚазЖКҒЗИ) биыл 65 жыл толып отырғанын атап өтті.
    – Отандық бақ шаруашылығын дамыту – аграрлық саладағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қазіргі кезде ел тұрғындарын сапалы азық-түлік, соның ішінде дәрумен және пайдалы микроэлементтерге бай жемістермен қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық көшет және жеміс өнімдерін өндірушілерді қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр. Бұл тұрғыда саланың әрі қарай дамуы үшін екі негізгі мәселені шешу қажет. Біріншісі – бейімдеу үшін жедел сұрыптау негізінде отандық және интродукцияланған жергілікті сорттарды, клондарды және тамыр сабақтарын органолептикалық және қоректік қасиеттері бойынша үнемі селекциялық жетілдіру, сондай-ақ өнімділік әлеуетін толық жүзеге асыру. Екіншісі – отандық сауықтырылған көшет материалын кең көлемде өндіру. Институттың қазіргі қызметінде және бұған дейін де селекциялық жұмыстарға басымдық беріліп келеді. Осы жылдар ішінде жеміс-жидек дақылдарының 180-нен астам сорты шығарылды. Апорт клондарын зерттеп, оларды селекциялық процеске енгізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
    Апорттың ерекше сорт екенін атап өткен жөн, оны «патша алма» деп те атайды. Оның ерекшелігі – Алматының тау бөктерінде өседі. Алматы облысында апорт өсіруге қолайлы аймақ – Талғар, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандары.
    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақ шаруашылығын дамыту, «Апорт» алма сортын сақтау және қайта жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жоспар әзірленді. ҚазЖКҒЗИ-дің Талғар аймақтық филиалының помологиялық бағы негізінде 5 гектар аумақта апорттың Алматы және қанды-қызыл сорттарының бағы құрылды. Бұл бақ апорттың 115 клонының коллекциясынан органолептикалық көрсеткіштер мен ауруларға төзімділік белгілері бойынша іріктелген формалардан жасалған.
    Аталған бақты отырғызу кезінде институт әзірлеген технология бойынша тіндік мәдениет әдісімен сауықтырылған көшет материалы пайдаланылды. Әрі қарай, генетикалық талдау негізінде апорт сортымен үйлесімділігі бойынша жабайы сиверс алмасының популяциясынан формалар іріктеліп, сауықтырылған апорт телісінің материалын өсіруге арналған телітуші негіз ретінде пайдаланылды. 0,4 гектар аумақта сиверс алмасының іріктелген формаларынан тұратын аналық-тұқымдық бақ салынды, – деді Ақылбек Қажығұлұлы.
    Ұлттық академия президенті кел­тірген деректерге сүйенсек, 2023 жылы Қазақстанға алма импорты 98,5 мың тоннаны құрапты, ал ішкі өндіріс 251,5 мың тонна болған, оның ішінде өнеркәсіптік бақ шаруашылығы секторы 194,1 мың тонна өндірген. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында шетелден 94 мың тонна алма, жалпы құны шамамен 40,9 млн АҚШ долларын құрайтын өнім импортталған. Қазақстан нарығының сыйымдылығы 300-320 мың тонна екенін ескерсек, өнеркәсіптік жолмен өсірілген алма бойынша Қазақстанның өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі шамамен 60 пайызды құрайды.
    Ақылбек Күрішбаев алдағы мін­деттерді шешу мақсатында Ұлт­­тық ғылым академиясы жеміс шаруашы­лығын дамытудың маңыз­дылығын ескере отырып, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен және Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми-зерттеу инсти­тутымен бірлесе бағдарламалық-мақ­сатты қаржыландыру шеңберінде «Негізгі жеміс ағаштарының сұра­нысқа ие қолданыстағы сорттарын же­тілдірудің тиімділігін арттыру және жаңа сорттарды құрудың кешенді тәсілі: климаттың өзгеруіне бейімделу және биотикалық факторларға төзімділікті қалыптастыру жағдайында» атты ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру үшін техникалық шарттарды әзірлеуге бастама жасайтынын айтты. Бұл техникалық тапсырманы әзірлеуге жетекшілік ету ҰҒА академигі Ерлан Тұрысбековке жүктеліпті.
    Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков елімізде бұл салаға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп, инвестиция тарту, демеуқаржы беру, сондай-ақ тұқым сатып алу үшін мемлекеттік грант негізіндегі бағдарламалар әзірленіп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, апортты дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, салаға бес жыл ішінде 50 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспардың өзін жүзеге асыру үшін 16 млрд теңге бөлінетін көрінеді.
    Ал Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев еліміздің генетикалық қорын құрайтын сиверс алмасы Қызыл кітапқа енгізілген ерекше қорғаудағы нысан екенін айтты. Оның мәлімдеуінше, ботаника ғылыми-зерттеу институтының негізінде сиверс алмасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп, қазірдің өзінде оның 175 түрі 16 мың гектар жерде өсіріліп жатыр екен. Ол сондай-ақ алдағы жылы отандық бақты дамыту үшін ғылы­ми-техникалық бағдарлама әзірлеу жоспарланып жатқанын жеткізді.
    Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов те алдыңғы сөйлегендердің пікірлерін қостай отырып, Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында атқарушы билік тарапынан барлық шара қолға алынып жатқанын айтты. Қазір облыстағы апорт бақтарының аумағы 1036 гектарды құраса, келешекте тағы 900 гектар жер беру жоспарланып отыр екен. Сондай-ақ облыс әкімдігі шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілеріне демеуқаржы бөлу және несиемен қамтамасыз ету бағдарламаларын қарастырып жатқан көрінеді.
    Семинар қатысушыларына «ҚазЖКҒЗИ» ЖШС басқарма төрағасы Теміржан Айтбаевтың ұсыныстары да ерекше әсер еткені сөзсіз. Ол ғалымдарды заманауи геномдық технологияларды пайдалануға, жоғары оқу орындарының оқыту жүйесін жаңғыртуға, генетикалық селекцияға баса мән бере отырып, зерттеуге шақырды.
    Жиын кезінде әуесқой бағбан­дар да өздерінің ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, «Бағбандар қауым­дастығының» өкілі, Еңбекшіқазақ ауданында жеке бағы бар Олжас Сыбанбаев отандық және әлемдік ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, бақтарды дамытуда өзіміздің үлгіміз бен стратегиямызды әзірлеу қажеттігін айтты.
    Семинарда ҚазЖКҒЗИ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Қазыбаева, Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институтының басқарма төрағасы Бақытжан Жиембаев сөз алып, жеміс-көкөніс дақылдарын өсірудің озық технологиялары бойынша өнімдердің экологиялық қауіпсіздігі мен топырақ құнарлылығын қалпына келтіру бойынша ғылыми-тәжірибе­лік ұсыныстарын ортаға салды. Шара қатысушыларына бақ өнімдерінен көрме ұсынылды.
    Жалпы, әсем табиғат аясында, тіке­лей апорт бағында ұйымдастырыл­ған семинар өте нәтижелі өтті деуге болады. Қатысушылар ұлттық бренді­міз саналатын апорт алмасын қайта жаңғыртып, оны әлемге танытуда алдағы уақытта күш біріктіріп, бірге жұмыс істеуді өздеріне мақсат етіп қойды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    ҚАЙТАЛАНБАС ҚАРҚАРА САПАРЫ

    ҚАЙТАЛАНБАС ҚАРҚАРА САПАРЫ

    3 months ago
    Асы жайлауындағы овсерватория маңынан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

    Асы жайлауындағы обсерватория маңынан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

    2 years ago
    Алматы облысында референдумға дайындық жүргізілуде

    Алматы облысында референдумға дайындық жүргізілуде

    8 months ago
    Қиналған жұртқа дем берді

    Қиналған жұртқа дем берді

    1 year ago
    Лайықты бағасын алса…

    Лайықты бағасын алса…

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>