⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұлпар дүбірі

    19.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Тұлпар дүбірі
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

           Талғар ауданы Өстемір ауылының тұрғындары «Ұлы дала жорығы – 2024» марафон бәйгесінің жүлдегері – «Алатау» командасының шабандоздарын салтанатпен қарсы алды. ­Қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай өткен аламанда «Ботай – Астана» бағытында 500 шақырымдық жолды 5 күнде шауып өткен жорықшылар күміс жүлдені қанжығасына байлады.

    Ұлттық спортты дәріптейтін додаға еліміздің ең таңдаулы командаларымен қатар әлемнің әр қиырынан келген 10-ға жуық команда қатысты. Төрт түліктің төресі – жылқы малының ұшқырлығы мен төзімі сыналған бәсекеде талғарлық шабандоздар «Жетісу» мен «Маңғыстау» командаларын шаң қаптырды. Өздеріне тым сенімді қырғыз атбегілерінің шашасына шаң жұқпаған жүйріктерін де жолда қалдырды.
    Баласы атқа шапса да дүркіретіп той жасайтын халқымыз мұндай қуанышта қарап қалсын ба?! Аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы мен Нұра ауылдық округі әкімдігі ұйымдастырған шараға ауылдың еңкейген қартынан, еңбектеген баласына дейін жиналды. Алақандай ауылдан шығып, Алатаудай абыроймен оралған жігіттерге аналар шашу шашып, ақсақалдар бата берді.
    Республикалық «Ер намысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алиядин, грек-рим күресінен Азия және әлем чемпионы, Талғар аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ербол Қоңыратов, аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының басшысы Жандос ­Бұсырманов жеңімпаз жігіттерді құттықтады.
    «Алатау» командасының президенті Қуат Әшімұлы жеңіс жолын былай баяндады: «2022 жылы құрылған команда «Ұлы дала жорығына» төртінші рет қатысып отыр. Биыл жарыс жолы тасты және асфальт болды. Аттардың аяғы тасырқап, екеуі жарысты жалғастыра алмады. Ал шабандоздарымыз – ат үстінде өскен ауыл балалары, шу асауды еркіне бағындырған ержүрек жігіттер. Өткен жылдарға қарағанда жарыс жолы қысқарғандықтан жылдамдық жоғары болды. Сағатына 25-30 шақырымда шауып отырдық. Осы жолы еліміздегі мықты командаларды басып озып, балқарларға ғана есе жібердік. Алайда, бұл – біз үшін үлкен жетістік».
    Бұл жетістік «Алатау» командасына үлкен мүмкіндіктер әкелді. Дубай, Ресейден шақырту түскен. Алда үлкен додалар күтіп тұр. Аттың жалында ойнаған жігіттерге сәттілік тілейміз!

    Зорагүл Әбдіқадір
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Голубое топливо становится доступнее жителям Балхашского района

    Голубое топливо становится доступнее жителям Балхашского района

    4 months ago
    Даналықтың кілті – қарттарда

    Даналықтың кілті – қарттарда

    2 years ago
    МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

    МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

    10 months ago
    Елдің тірегі, әулеттің жүрегі

    Елдің тірегі, әулеттің жүрегі

    5 months ago
    Облысқа салынған инвестиция көлемі артты

    Облысқа салынған инвестиция көлемі артты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>