-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    ЖОЛБАРЫСПЕН АЙҚАСҚАН

    28.09.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    ЖОЛБАРЫСПЕН АЙҚАСҚАН
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

             Балқаш ауданының таңбасында ­(эмблема) ну қамыста жүрген жолбарыс пен көлден ұшып-қонып жатқан үйрек-қаз бейнеленген. Оның өзіндік себебі бар. Өткен ғасырдың алғашқы жартысына дейін аң-құсқа бай бұл өңірді жолбарыстар мекендеген.

    Көрнекті жазушы Мұхтар ­Мағауин өзінің «Шақан шері» деген кітабында Балқаш көлінің жағасында тіршілік еткен жолбарыстар туралы әңгімелейді. Деректер бойынша, Қазақстандағы соңғы жолбарысты 1948 жылы қазіргі Желтораңғы аумағынан ұлты орыс аңшы атып алған. Бұдан кейін жерімізден жолбарыстың ізі байқалмаған.
    Мен естіген бұл оқиға шамасы 1923-1924 жылдары болу керек (әкемнен анықтап сұрамаппын). Ол кезде ел шашыраңқы 3-4 үйден көл, өзендердің жағасында мал бағып, аң аулап тіршілік еткен. Ауыл арасына қатынау қиын, үлкен жол жоқ, ну қамыс, тоғайлы жерлер. Қазір біз «Асаубай» деп атайтын жерде сол жылдары бір жолбарыс пайда болып, малға, адамға шабуыл жасап, әбден елдің мазасын алған екен. Тіпті, Бектұрған әкеміздің жақын әпкесін, тағы бір адамды жеп кетеді. Осыдан кейін ел азаматтары жолбарысты өлтіру үшін Асаубайдың ауылына жиналады.
    Бізде Ноғас, Асаубай деген жер атаулары бар. Асаубай елге қадірлі, ағайын-туыстың басын біріктіре алатын, ықпалды адам болған. Сол кісінің үйіне жиылған жұрт бір малды құрбандыққа шалып, қариялардың батасын алғаннан кейін, аң аулауға икемі бар жігіттерді іріктеп шығарып салады. Солардың ішінде Бектұрған әкеміз де болған. Бұлар аттанар күннің алдында қар жауып, сонар болады. Аңшылар жолбарыстың ізіне түседі. Ол кезде қару-жарақ тапшы кез. Көбінде мылтық жоқ, айбалта, шоқпармен қаруланған.
    Бектұрған және тағы бір-екі адам қамыс ішіне кіреді. Қалғандары сыртта күзетіп тұрады. Бұлар асқан ептілікпен қамысты сылдырлатпай жолбарыс жатқан жерге жақындайды. Сол кезде Бектұрған әкеміз өзіне қарсы қарап, атылуға дайын тұрған жолбарысты көреді. Көп ойланып тұруға болмайды, мылтығын жыртқыштың жүрек тұсынан көздеп, шүріппесін басып қалады. Сол сәтте оқ тиген жолбарыс өзінің жаралы болғанына қарамастан ­Бектұрғанға тұра ұмтылады. Мылтықты қайта оқтауға мүмкіндік болмағандықтан, ол жолбарысты мылтықтың құндағымен ұрады. Ал жолбарыс болса азу тістерімен құндағын қарш-қарш шайнап, одан әрмен ашулана түседі.
    Бектұрған әкеміздің аяғы қамысқа шалынысып, мылтық қолынан түсіп кетеді. Сәл артқа шегініп, белбеуіндегі айбалтасын алып үлгереді. ­Бектұрған әкеміз бар қайратын бойына жинап, өзіне атылған жолбарысқа балтасын сермегенде, жолбарыстың аузына дәл тиіпті. Екеуі бір-бірін ала алмай ұзақ тұрады. Қалғандары жолбарыстың дауысын естіп, ­Бектұрғанды жеп қойды деп ауылға қаша жөнеліпті.
    Үш-төрт адам төбенің басында тұрып қалады. Солардың бірі – күйеубаласы Үмбетәлі екен. Жаралы жолбарыстың дәрменсіз екенін аңғарған Бектұрған атамыз бар дауысымен айқайлап, «Ау, ағайын, кім бар мұнда?!», – дегенде Үмбетәлі қолына шоқпарын алып, атпен шауып келіпті. «Әй, Үмбетәлі, қорықпа, жейтін болса бағанадан бері мені тірі қоймайтын еді, сен дәл маңдайынан ұр», – деген екен. ­Үмбетәлі шоқпармен басынан ұрғанда жолбарыс құлап түседі. Өлі жолбарысты төбенің басына сүйреп шыққанда ауылдағы адамдар да жүгіріп жетеді. Жиылған топ ­Бектұрғанның тірі екенін көріп жылап көріседі. Жолбарысты сойып, терісін Асаубайдың босағасына іледі. Сөйтіп, елге қауіп төндіріп жүрген жыртқышты өлтіріп, ел-жұрт үрейден арылыпты. Бектұрғанның батырлығын сол оқиғаға куә болғандар көпке дейін үлгі тұтып, мақтанышпен айтып жүрген.

    Тілеуқұл КҮМІСБАЙҰЛЫ
    Көкжиде ауылы,
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Атқарылған іс аз емес

    Атқарылған іс аз емес

    11 months ago
    Көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

    Көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

    1 year ago
    Жастар ел басқару ісіне тартылады 

    Жастар ел басқару ісіне тартылады 

    3 weeks ago
    Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

    Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

    2 years ago
    Алматы облысында осы жылдың жеті айында  365 өрт оқиғасы тіркелген

    Алматы облысында осы жылдың жеті айында 365 өрт оқиғасы тіркелген

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>