-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бауырлас елмен байланыс

    11.10.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Бауырлас елмен байланыс
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мүддерісоғлы­ны қабылдады. Кездесуде қос тарап өзара ынтымақтастық мәселеле­рін, соның ішінде түрік тарабының инвестициясын индустриялық ай­мақтар мен логистикалық парктерді Алматы облысына салу мүмкіндіктерін талқылады.

    Талқыға салынған жобалар аймақтың эконо­микалық дамуында шешуші рөл атқарады деп күтілуде. Түрік компаниялары арнайы экономикалық аймақта инфрақұрылымды құру мен дамытуға мүдделілік танытып отыр. Өңір басшылығы да салықтық жеңілдіктер мен жеке­леген индустриялық аймақ құру мүмкіндігін қоса алғанда, олардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар туғызуға дайын екендігін білдірді. Облыс әкімі құрылыс саласында мол тәжірибесі бар түрік компаниялары өңірдегі екі қала – Қонаев пен Алатаудың инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қоса алатынын айта келіп: «Түркі жұртымен бізді ежелден бауырластық қарым-қатынас байланыстырады. Ал Түркия мемлекеті сенімді стратегиялық әріптес ретінде қарастырылады», – деп атап көрсетті. Соның ішінде елеулі инвес­тициялармен расталып отырған көп жылғы мәдени және экономикалық байланыстарға ерекше тоқталды. Сонымен қатар өңір басшысы Алматы облысының шешуші транзиттік жолдар қиылысында тұрған тиімді географиялық орналасу жағдайын да баса көрсетті. Қазіргі таңда аймақта түрік капиталы салынған 182 кәсіпорын еңбек етуде, сондықтан билік түрік компанияларына жекелеген индустриалдық аймақтар құра отырып, әріптестік қарым-қатынастарды дамытуды да ынталандыруға дайын екенін білдірді.
    Бас консул кездесуге шақырылғанына риза­шылығын білдіріп, өзінің дипломатиялық мансабы басталған Қазақстанмен байланысты ерекше атап өтті.
    – Былтыр Қазақстанмен жасалған сауда көлемі 6,5 млрд долларды құрады, ал Түркия сіздің елмен басты экономикалық әріптестер бестігіне кіреді, – деді Бас консул. – Таяудағы бес жылда тауар айналымын бір жарым есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл – экономикалық байланыстардың нығаюына ортақ мүдделілік пен сенімнің жоғары деңгейінің дәлелі.
    Жүздесу барысында осындай бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселе ортаға салынып, жол-жөнекей туындауы ықтимал түйіндердің шешілу жайы да електен өткізілді. Мұнымен қоса, мәдени-гуманитарлық ынтымақ­тастық мәселесі де маңызды аспект ретінде сарапқа салынды. Қазіргі таңда Алматы облысында түрік этносы белсенді әрекет етуде, сондай-ақ қазақ-түрік лицейлері мен С.Демирел атындағы университет қызмет атқарып жатқаны көпке мәлім және оның екі ел арасындағы мығым мәдени көпір болатыны сөзсіз.
    Марат Сұлтанғазиев өз тарапынан: «Достық пен туысқандық қарым-қатынас бізге болашаққа сеніммен қарауға және ең табысты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп қосты.
    Сөзінің соңында Бас консул биылғы қыр­күйек айында бұдан арғы ынтымақтастық жайын талқылаған түрік-қазақ бизнесмендері қауымдастығының жиналысы өткенін еске алып, бизнес өкілдерінің бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылау үшін облыс әкімімен жүздесуге ниетті екендіктерін жеткізді. Аймақ басшысы экономикалық қарым-қатынастарды табысты түрде дамытудағы тікелей диалогтің маңыздылығын атап көрсете келіп, бастамаға қолдау танытты.
    Осылайша, бұл кездесу қос тараптың да стратегиялық әріптестікті дамытуға дайын екендіктерін көрсетіп, инфрақұрылымдық жобалардағы, логистикадағы және туристік сектордағы ынтымақтастыққа жаңа кеңістіктер ашып берді.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған күйшілер байқауы мәресіне жетті

    Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған күйшілер байқауы мәресіне жетті

    2 years ago
    Қоғамдық көлік қатынайды

    Қоғамдық көлік қатынайды

    7 months ago
    Алғашқы жеке куәлікті қалай алуға болады?

    Алғашқы жеке куәлікті қалай алуға болады?

    1 year ago
    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    1 year ago
    Алатау қаласының әкімі тағайындалды

    Алатау қаласының әкімі тағайындалды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.