-13 °c
Qonaev
Saturday, June 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Білім мен тәрбие – егіз ұғым

    29.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Білім мен тәрбие – егіз ұғым
    0
    SHARES
    45
    VIEWS

    Облыстық кәсіби даму институтында «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар және қазақстандық білім беру жүйесіндегі этнопедагогика: бүгінгі жағдайы мен келешегі» атты онлайн-оффлайн форматта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Отандық және шетелдік педагог ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар мен студенттер, орта білім беру ұйымдарының ұстаздары бас қосқан жиын ұлттық тәрбиеге бағытталды.

    Ұлттық құндылықтар және қазақстандық білім беру жүйесіндегі этнопедагогика ғылымындағы зерттеулермен танысу, озық ғылыми тұжырымдамалар бойынша пікір алмасуды мақсат еткен ғылыми шараның шымылдығын «Өрлеу» облыстық кәсіби даму институтының директоры Қайсар Нұрлыбаев ашты. Ол жиын қатысушыларына өз алғысын жеткізіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дайындауымен «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасының
    жобасы ұсынылғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар біртұтас білім беруге арналған ұлттық бағдарламаның оңтайлы тұстарын тізбелеп, балабақшадан бастап, жоғары оқу орнын бітіргенше жастардың сапалы білім алып, саналы тәрбиені бойына сіңіруіне үлкен үлес
    қосатынын алға тартты.
    – Ұлттық бағдарлама жастарды құндылықтарды бағалау мен жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің тұрақты басымдықтары оқушылардың саулығын сақтау, оларға жеке тұлға ретінде құрмет пен сенім көрсету, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жайы кеңінен қарастырылған, – деп тәрбиелік
    әлеуетті нығайтудың негізі білімде екенін сөзіне қосты.
    Конференция қатысушылары білім берудің жаңа моделіне тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасын да түсіндіріп,
    орта білімнің философиялық негізін қалаған әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, әл-Хорезми, Қожа Ахмет Яссауи сияқты басқа да ағартушы, ойшылдардың мәдени және рухани
    мұрасы ұлттық тәрбие беруде айрықша рөл атқаратынын айтып өтті.

    Отбасылық құндылықтар жайлы тебірене сөйлеген Абай атындағы ҚазҰПУ филология факультетінің деканы Алуа Таңжарықова ұлттық және рухани құндылықты бойына сіңірген жастар жарқын келешектің жаңа тұлғасы болып қалыптасатынын жеткізді.
    – Қазіргі уақытта адамзат бастан кешіп отырған әлемдік рухани құндылық дағдарысына байланысты дәуірлер тоғысында адамзаттың өмірінде тілімен, дінімен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен, табиғатымен ұштасатын ұлттық құндылықтар отбасынан басталады. Ол ары
    қарай адамзаттық құндылықтармен сабақтасады. Біз білім мен тәрбие арқылы жас ұрпақты ізгілікке үндейміз, – деп отбасы құндылығының маңызды міндеттерін тарқатты.
    Конференцияда Абай атындағы ҚазҰПУ, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, облыстық білім басқармасы өкілдері, облыстық әдістемелік орталық мамандары, Түркия мемлекетінің Фырат университеті, Өзбекстан Республикасының Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты және Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық
    институты, Ишембай Абдраимов атындағы Қырғыз авиациялық институтының оқытушылары сөз алып, адам болмысы жайында өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында қатысушыларға
    Алғыс хат табысталып, арнайы сертификат берілді.

    Құралбек Сәбитов

     

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Ұсынымдар

    «Наурыз» ықшамауданы

    «Наурыз» ықшамауданы

    3 months ago
    Қытаймен ынтымақтастықты нығайту: «ЭКСПО Үрімші – 2024» көрмесінде

    Қытаймен ынтымақтастықты нығайту: «ЭКСПО Үрімші – 2024» көрмесінде

    12 months ago
    «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1500-ге жуық өтініш түсті

    «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1500-ге жуық өтініш түсті

    1 year ago
    Құрылыс нысанын аралады

    Құрылыс нысанын аралады

    3 weeks ago
    Әзербайжан–Қазақстан қатынасының жаңа белесі

    Әзербайжан–Қазақстан қатынасының жаңа белесі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.