-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел мерейі тасыған күн

    29.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ел мерейі тасыған күн
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Республика күніне орай Қонаев қалалық Мәдениет үйінде мере­ке­лік салтанат өтті. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қаты­сып, жиналған қауым­ды мерекемен құттық­тады.

    – Мемлекет басшысы
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Респуб­лика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлі­гі­мізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке», – деп атап өткен болатын. 1990 жылғы 25 қазанда Егемендік туралы декларация қабылданды, еліміз тәуелсіздікке бет бұрды, азат болудың алғышарты жасалды. Сондықтан біз үшін бұл күннің орны ерекше. Осы тарихи сәттің куәгері болған облыстың Құрметті азаматтары Ызғарбек Бектұрсынұлы, Серік Кәтенұлы, Әлихан Әбдіханұлы мен Нұрлан Ілиясұлы ортамызда отыр. Бұл декларацияның қабылдануымен республиканың егемендігін мәлім ететін мемлекеттік рәміздері, шекарасы, азаматтығы, бюджеті, халықаралық қатынастар­дағы дербестігі бекітілді. Сондықтан Республика күні – әрбір азаматтың еліне деген сезімін, патриоттығы мен жарқын болашағын айқындайтын мереке.
    Мемлекетімізде ұлттар достығына айрықша мән беріледі. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екенін Қазақстан халқы айқын сезінеді. Біз мемлекетіміздің саяси және эконо­микалық салалардағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз. Бұл бағытта Алматы облысының қосар үлесі де аз емес. Биылғы 9 айдың өзінде өңір экономикасына 32,8 пайыз өсіммен 615,0 млрд теңге инвестиция тартылды. Өнеркәсіпте 1,4 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,9 пайыздық өсіммен 480,6 млрд теңгеге жетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 243,8 млрд теңгені құрап, 777,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 33 674 тұрақты жұмыс орны құрылды. Еліміздің қарыштап дамып, толағай табысқа жетуі – халқымыздың ынты­мағы мен бірлігінің жемісі, – деді облыс басшысы.
    Бұдан соң Марат Елеусізұлы Қазақстан Республикасы Президенті­нің 2024 жылғы 16 қазандағы №675 Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденін білім және ғылым қызметкерлерінің «Демеу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Тоққожа Естеновтің кеудесіне тақты. Сонымен бірге Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы Нұрәкім Есжан, Жамбыл аудандық ардагер­лер кеңесінің төрағасы Батырхан Меңдебаев, Іле ауданындағы «Damu Logistics» АҚ компаниялар тобының басқарма төрағасы Сәкен Тойлыбаев, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Іле өңірі-Или вадиси» газеті бас редакторының орынбасары Иминжан Тохтияров, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы бөлімшесінің басшысы Серік Тұтқышбаев «Құрмет» орденін алса, Іле ауданындағы «Филип Моррис Казахстан» ЖШС механигі Руслан Бахтахунов III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін иеленді. Бірқатар азамат «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды.
    Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 15 қазандағы №27-140 шешімі­мен Жамбыл ауданының еңбек ардагері Орынтай Әмірғалиевке, Еңбекшіқазақ ауданы «Жақыпбек» шаруа қожалығының төрағасы Аянбек Дәуітқұловқа, «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Айбек Қонақбаевқа Алматы облысы­ның Құрметті азаматы деген төсбелгі мен лента табысталды.
    Салтанатты шара мағыналы әрі мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Көпшілік назарына ұлттық мерекені ұлықтайтын тебіреніске толы театрландырылған қойылымдар ұсынылып, халқымыздың шежірелі тарихынан сыр шертіліп, патриоттық әндер шырқалды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

     

    Ұсынымдар

    Жүзден жүйрік шықты

    Жүзден жүйрік шықты

    9 months ago
    Діни сауатты болу – заман талабы

    Діни сауатты болу – заман талабы

    2 years ago
    АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы

    АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы

    8 months ago
    Ұстаз жолы – ұлағат

    Ұстаз жолы – ұлағат

    8 months ago
    Бумеранг

    Бумеранг

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>