-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қаржы қатаң бақылауда

    18.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Қаржы қатаң бақылауда
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

           Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің акт залында облысы халқы және кәсіпкерлерідің қатысуымен онлайн кездесу өткізді. Жиын барысында Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2024 жылдың 9 айдағы қорытындысы және комитеттің қызметін жетілдіру жұмысы жөнінде баяндама жасалды.

    Комитет төрағасы өз баяндамасында: «Біздің міндетіміз – бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету. Яғни, бірде-бір теңге тиімсіз жобаларға жұмсалмауы тиіс», – деп атап өтті. Сонымен қатар Е. Мыңжасаров білім беру, автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары және өзге де салаларда жүргізілген тексерулер туралы баяндай отырып, тиісті тексерулердің көбінесе тұрғындардан түскен шағымдар негізінде жүргізілетінін айта кетті. Бұған қоса, міндетті түрде жүргізілетін тексеру жоспарларына енгізілетінін баса көрсетті.

    Төрағаның мәлімдеуінше, облыс аудиторлары 9 айдың қорытындысы бойынша 9,8 млрд теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылықтарды анықтаған. Биылғы жылдың көрсетілген кезеңі ішінде Алматы облысында аудиторлар тарапынан 32 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында жалпы сомасы 17,1 млрд теңге көлеміндегі қаражаттың қаншалықты мақсатты жұмсалғаны тексерілген. Аталған тексерулер нәтижесінде 7,7 млрд теңге сомасында қаржылық  және 2,1 млрд теңге сомасында рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтар анықталған. Әшкере болған бұзушылықтардың 7,2 млрд теңгесі, оның ішінде тауар жеткізу, қызмет көрсету және жұмыс орындау бойынша 184,9 млн теңге, бухгалтерлік есепті түзету бойынша 6 964,9 млн теңге және 109,7 млн теңгесі бюджетке қайтарылып, өтелген.

    Комитеттің жауапты іс-шараларды жүргізуінің нәтижесінде 213,7 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары жойылып, оның 5 млрд теңгесі бюджетке ақшалай өтелсе, 58,0 млрд теңгесі тауарларды жеткізу, қызметтерді орындау арқылы және 150,8 млрд теңгесі есептілікті түзету арқылы қалпына келтірілді. Бұдан басқа, аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде сомасы 2 трлн теңгеден асатын 3 449 рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар, комитеттің құзіретіне мемлекеттік сатып алу аясындағы заңнаманың сақталуы жөніндегі тексерістерді жүргізу де кіреді. Бұл бағытта биылғы жылдың 9 айында 13,3 трлн теңгеге мемлекеттік сатып алудың 451 мыңға жуық рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылған. 1,1 трлн теңгені құрайтын 55,6 мың мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзушылықтарының жолы тиісті хабарлама жіберу арқылы кесілген. Есепті кезеңде, аудит нысандарына 1 132 нұсқама мен 1 222 ұсыным енгізілген. Сәйкесінше, 1 023 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке, 8 911 лауазымды қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бүгінгі күнге дейін салынған айыппұл сомасының 808,8 млн теңгесі бюджетке өндірілген.

    Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 68 материал жолданған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда екі есеге азайды. Бұл жерде айта кететін мәселе, ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында, бизнесті қылмыстық қудалауға тартуды болдырмау үшін, азаматтық тәртіппен шағымдану мүмкіндігі таусылғанға дейін аудит материалдарын құқық қорғау органдарына бермеудің тетігі пысықталған. Осының арқасында, жіберілген материалдардың сапасы жоғарылап, 46 материал бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    Ержан Мыңжасаров: «Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін құруды тапсырғаны белгілі. Осыған байланысты, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР жаңа Заңы қабылданды, онда баға мен сапа теңгерімі, ашық бәсекелестік көзделген. Бұл нормалар Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмасын орындау үшін іске асырылады, бұл мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыруға және бюджет қаражатын уақтылы игеруге әкеледі.

    Тағы бір айта кететін маңызды мәселе – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алу бағытталған шараларды күшейту жөніндегі жұмыстарды үздіксіз жүргізу және үнемі жетілдіру жайы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Бұл комитет үшін де басымдық болып саналады», – деп баяндамасын түйіндеді.

    Комитет төрағасының жалпы өткен кезеңде атқарылған жұмыстар жөніндегі баяндамасынан соң, жүздесуге шақырылған қонақтардың, бұқаралық ақпарат құралары өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің өзекті мәселелер бойынша жолдаған сауалдарына заң баптарына негізделген сауатты да тұщымды жауаптар берілді.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

    Алматы облысында әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

    1 year ago
    Ардагерлер сынға түсті

    Ардагерлер сынға түсті

    2 months ago
    Қызыққа толы күндер

    Қызыққа толы күндер

    11 months ago
    Алматы облысында ауқымды логистикалық парк құрылады

    Алматы облысында ауқымды логистикалық парк құрылады

    1 year ago
    Заречный амбулаториясы – ауыл мақтанышы

    Заречный амбулаториясы – ауыл мақтанышы

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.