-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында экотуризм дамуда

    26.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Алматы облысында экотуризм дамуда
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысы Қазақстанның табиғаты ең көрікті өңірлерінің бірі ретінде экотуризмді дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл туралы облыстық туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы Шерхан Есентеміров айтты.

    Өңірде туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Қайыңды көліне апаратын 12 шақырымдық жолды жөндеу басталды. Түрген шатқалы мен Асы үстіртінде визит-орталықтар салу жоспарланып, электр желілері тартылуда. Спикер бұл жұмыстардың туристік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталғанын ерекше айтты.

    «Алматы облысына жыл басынан 1,6 миллионнан астам турист келді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 500 мыңға көп. Көлсай көлдерінде 370 мыңға жуық турист дем алды. Бұл – экотуризмнің өңірдегі басты бағыт екенін көрсетеді», – деді Шерхан Есентеміров.

    Оның айтуынша, шетелдік туристер арасында Қытай, Германия, Сауд Арабиясы және Үндістан елдерінен келгендер басым.

    Сонымен қатар, облыста жаңа туристік жобалар іске асырылуда. Кеген ауданында құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын аспалы шыны көпір құрылысы басталды. Бұл бірегей жоба өңірде туристер ағынын ұлғайтуға ықпал етеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, Қонаев қаласында DoubleTree by Hilton Konayev қонақүй кешені мен аквапарк құрылысы қолға алынған.

    «Бұл жобалар тек туристер үшін емес, жергілікті тұрғындар үшін де жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық дамуына серпін береді», – деді спикер.

    Ұсынымдар

    Ала доп аламаны

    Ала доп аламаны

    1 year ago
    Диплом кәсіби дағды көрсеткіші ме?

    Диплом кәсіби дағды көрсеткіші ме?

    2 years ago
    Үздіктер үміті ақталды

    Үздіктер үміті ақталды

    1 year ago
    “Қазақстанның халық әртісі” атағын қайтару – мәдениетті қолдаудың белгісі

    “Қазақстанның халық әртісі” атағын қайтару – мәдениетті қолдаудың белгісі

    2 years ago
    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    Асуан Сиябеков: АЭС дегеніміз – электр энергиясын алу

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.