-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Білім ошағында аллея ашылды

    16.11.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Білім ошағында аллея ашылды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Өтеген батыр ауылындағы №7 орта мектеп пен №38 мектеп-гимназиясына ортақ алаңда Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай әскери-патриоттық сыныптарының аллеясы ашылды.

    Шараны ашқан Өтеген батыр ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы, ауыл ақсақалы Мақсат Сейдалиев батыр бабамыздың ерлігін ұрпаққа үлгі еткен бүгінгі шараның тәрбиелік мәні зор екенін айта келіп, әскери-патриоттық сыныптарда білім алып жатқан жастарға ел үшін қызмет етер ерен тұлға болып өсулеріне тілектестік білдірді.

    Одан кейін сөз алған «Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы, Жетісу облыстары филиалының директоры Жанатгүл Мосшанқызы аллеяның ашылуымен көпшілікті құттықтап, бабалар ерлігінен тағылым алып өсіп жатқан бүгінгі ұрпақтың болашағы жарқын боларына сенім білдірді.

    Облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Жанар Көптілеуова Рақымжан Қошқарбаевтың ерлік жолына қысқаша тоқталып, бүгінгі аллея біртуар батыр атамызға қойылған ескерткіш қана емес, сонымен қатар, жас ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеудің маңызды қадамы екенін де баса айтты.

    Шара барысында сөз алған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кинология басқармасының басшысы, подполковник Рустам Сайдимаров: «Есімдері ел тарихында мәңгі сақталатын нағыз батыр тұлғалардың бірі, Рейхстагқа алғаш ту тіккен қазақ батыры, Халық қаһарманы – Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Кейінгі жастар батырлар ерлігін ұмытпауы керек. Бабалардың өнегелі ісін үлгі ету арқылы жас ұрпақты отансүйгіштік пен патриоттық сезімге тәрбиелей аламыз», – деген ойын жеткізді.

    Облыстық дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Қайрат Берікболов аллеяның ашылуы Отанымызды жаудан қорғап қалған қаһарман аталарымызға, майдангерлерге деген ізгі ниет, баба рухына жасаған тағзым екенін айтып өтті.

    Іс-шара қос мектептің әскери-патриоттық сыныптарында білім алып жатқан оқушылардың ұсынған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Өтеген батыр ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Мақсат Сейдалиев ағамыз алеяның лентасын қиып, жас ұрпаққа аталық ақ тілегін айтып, батасын берді. Сонымен қатар, қонақтар аллеяға саяхат жасап, мектеп ауласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

    Дана халқымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаған. Аллеяның ашылуына келген қонақтар, атап айтқанда, «Жас полиция», «Жас өрт сөндіруші», «Жас шекарашы» әскери сыныптарын өз қамқорлығына алған бөлімдер – облыстық полиция департаментінің, төтенше жағдайлар басқармасының және ҚР ҰҚК Шекара қызметі кинология басқармасының қызметкерлері «Әскери-патриоттық сыныптар аллеясына» сый ретінде туя ағаштарын егіп, жас ұрпаққа үлгі көрсетті.

    Бағдат Шойбас,

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жасы 100-ден асқан қариялар дауыс беріп жатыр

    Алматы облысында жасы 100-ден асқан қариялар дауыс беріп жатыр

    2 years ago
    ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

    ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

    5 months ago
    Өнегесі ел есінде

    Өнегесі ел есінде

    8 months ago
    Алғаш рет электрокардиостимулятор орнату отасы жасалды

    Алғаш рет электрокардиостимулятор орнату отасы жасалды

    2 years ago
    Соғыстың соңғы сарбаздары

    Соғыстың соңғы сарбаздары

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.