-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ет өнімін экспорттайды

    09.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Ет өнімін экспорттайды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           Қарасай ауданында еліміздегі ең ірі құс фабрикаларымен бірге, ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да баршылық. Солардың бірі – Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Қошмамбет елдімекенінде орналасқан «Meat Processing and Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл кәсіпорын «Қазақстан ет өнімдері бірлестігі» республикалық ассоциациясының мүшесі екенін де айта кету керек.

    Ет комбинатының дирек­торы Бақытжан Әбдірасиловтың айтуынша, кәсіпорынның негізі 2002 жылы қаланған. Дегенмен, өндірістің өркендеуі 2009 жылы Қошмамбет ауылына көшіп келгеннен кейін басталған. 2012 жылы осы жерде мал соятын, етті өңдеп-сақтайтын, өнімді экспортқа дайындайтын үлкен комбинат салынып, іске қосылған.
     «Meat Processing and Service» компаниясында ет өнімдері өндірісінің толық жүйесі жолға қойылған. Мұнда ірі қара мен ұсақ малды өсіріп, бордақылап қана қоймай, жем-шөп қорын дайындау мәселесі де шешімін тапқан. Ол үшін қажетті жайылым мен шабын­дық жерлер жеткілікті. Содан кейін бордақыланған малды сою, дайын етті темір қалыптарға салып шығару, түрлі шұжық өнімдерін өндіру жұмысы атқарылады.
    Комбинат өнімдері экспортқа шығарылатын болғандықтан, оның сапасы әлемдік талаптарға сай болуы қажет екені түсінікті. Сондықтан бордақылау алаңы мен мал соятын орын, етті өңдейтін цехтар үнемі зертхана сынағынан өтеді. Олардың барлығы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
    – Бордақылау базасы үш гектар жерде орналасқан, – дейді Бақытжан Зұлпыхарұлы. – Мұнда 3 мыңға дейін ірі қара малын күтіп-баптауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар біздің компания тұрғындарға Ангус, қазақтың ақбас сиырлары мен Герефорд сияқты асыл тұқымды бұқаларды пайдалануға беріп келеді. Осы арқылы жергілікті ірі қара малды асылдандыруды жүзеге асырудамыз. Бұл да экспортқа шығарылатын еттің сапасын жақсартуға өз үлесін қосады.
    2020 жылы «Meat Processing and Service» компаниясы Шанхайда өткен халықаралық көрмеге өз өнімдерін апарған болатын. Соның нәтижесінде көптеген шетелдік компаниялармен келісімшартқа отырып, өнімдерін сыртқа шығаруға мүмкіндік алды. Бұл халықаралық қауымдастықтың компания өнімдеріне жоғары баға бергенін аңғартса керек.
    2022 жылы елімізде аусыл ауруының тіркелуіне байланысты Қытайға жіберілетін өнімге шектеу қойылғанымен, биыл ол шектеу алынып, жұмыс қайтадан жолға қойылды. Бұл «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы бойынша ет өнімдерін экспортқа шығаруды жаңғыртуға мүмкіндік беріп отыр.
    Аталған компания бүгіндері Қытай, Иран, Оман, Бахрейн, Катар, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты алыс шет елдермен қатар, жақын көршілерімізге де өз өнімдерін жіберуде. Алдағы уақытта «Meat Processing and Service» ЖШС өндіріс көлемін арттыра отырып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға, ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуды да жоспарлап отыр.
    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты

    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты

    1 year ago
    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

    Үшауысымды мектеп мәселесін жою – басты назарда

    1 year ago
    Дарынымен дараланды

    Дарынымен дараланды

    5 months ago
    Нұртас Қиялбеков: Бізде ит асырау мәдениеті төмен

    Нұртас Қиялбеков: Бізде ит асырау мәдениеті төмен

    2 years ago
    Зейнетақы мен  жәрдемақы өседі

    Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.